Basty bet

Маңызды мәселелер қаралды

Аудан әкімінің орынбасары Ернұр Қалмұрзаевтың төрағалығымен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жөнінде медицина, салық басқармасы, жұмыспен қамту қызметкерлерімен жиналыс өтті.
Жиналыстың мақсаты – аудандағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өзін-өзі жұмыспен қамтыған және жұмыссыз азаматтармен тиісінше медициналық қызметтерді көрсету барысындағы кейбір мәселелерді талқылау.
Жиналыста сөз кезегі аудандық жұмыспен қамту орталығының орынбасары Нұрлан Әнуарбековке беріліп, ол жиналыс тақырыбына сай баяндама жасады.
Жиналыс еркін форматта өтіп, қатысушылар пікір алмасты. Кейбір мәселелер талқыланып, оң шешімін табудың жолдары қаралды.
* * *
Мемлекет пен қоғам арасында ашық диалог орнату және азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мақсатында «Birgemiz» «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы» атты облыстық форумына онлайн байланыс арқылы аудан әкімінің орынбасары Е.Қалмұрзаев, ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Нарымбеков, «Жуалы Демеу» мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ж.Саурықов, «Тұлға» психологиялық кеңес беру және тренинг жүргізу орталығы» қоғамдық қорының президенті З.Дәуренова қатысты.
Онлайн байланыс барысында Ж.Саурықов баяндама жасады.

Аудан әкімінің
баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close