Basty bet
Қонақта – алтын той иелері
Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінде Отбасы күніне орай “Отбасым – өмір аясы” тақырыбында өнегелі отбасы, ауылдың қадірлі ақсақалы Берекет Райқұлов пен алтын құрсақты ана Рабиға Сабированың отбасымен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты – отбасы құндылықтары арқылы жастарға өмір құндылықтарын насихаттап, үлкенге құрмет, кішіге ізет жасауға, жас ұрпақты сыйластық пен адамгершілікке тәрбиелеу.
Кездесудің басты кейіпкерлерінің отау құрғандарына биыл 55 жыл болып отыр.
Қос қарияның бүгінде төрт ұл, төрт қызынан 23 немере, үш шөбересі бар. Ұл-қыздары тәрбиелі, еңбекқор, ауылдағы мұқтаж жандарға өз көмектерін аямайтын қайырымды жандар. Сонымен қатар, немерелері де оқуда озат, спортта үлкен жетістіктерге жеткен жеткіншектер.
Кездесу барысында қариялар өмірлік және бала тәрбиесіндегі ұстанымдарымен бөлісіп, жастарды сыйластыққа, еңбекқорлыққа шақырды.
Іс-шара соңында Берекет ата жиналған көпшілікке ақ батасын берді.
Айгүл Ералиева,
Бәйтерек ауылдық мәдениет үйінің маманы