Basty bet

Айыппұл салынып, түсініктеме алынды

Аудандағы коронавирус індетінің алдын алу және болдырмау мақсатында құрылған мониторингтік топтар аймақтағы санитарлық талаптардың сақталуын жіті бақылауда. Осы мақсатта өткен сенбіде аудан әкімі Нарбай Ергебеков, аудан әкімінің орынбасарлары Асхат Жабағы және Ернұр Қалмұрзаев бастаған мониторингтік топ мүшелері кезекті рейдтік шаралар өткізді. Мониторингтік топ мүшелері аудан орталығындағы базардағы кәсіпкерлермен және тұрғындармен тілдесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Ең бастысы, саулық сақтықта екенін түсіндірді. Орталық базардағы «Ақан», «Гүлнар», «Елтау» дүкендерін, «Мега арзан», «Айдана» сауда-саттық орындарын, «Табиғат сыйы» көкөніс базарын аралап, санитарлық талаптардың сақталуын көрді. Рейд барысында санитарлық талаптарды сақтамай, медициналық бетпердені қолданбаған тұрғындардан түсініктіме алынды.
Ал, аптаның басы дүйсенбі күні Әбдікерім Уркумбаев бастаған мониторингтік топ техникалық қызмет көрсету орталықтарын, автобөлшек дүкендерін, ұн сататын дүңгершіктерді аралап, санитарлық талаптарды бұзған бірқатар азаматтарға айыппұл салды. Мониторингтік топ Жібек жолы, Б.Сафинов көшесіндегі сауда орындарын аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, жеті азаматтан түсініктемелер алынды.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Таңдаулы материалдар

Close