Basty bet

«Ислам – терроризм мен экстремизмге қарсы»

Деструктивті дін мәселесінің алдын алу мақсатында Жуалы ауданының ішкі саясат бөлімінің тапсырысы бойынша «Дін саласында ақпараттық-түсіндіру және ағарту іс-шараларын ұйымдастыру» тақырыбындағы әлеуметтік мемлекеттік жобасын «KOMEK.DEMEU.KZ» қоғамдық қоры ұйымдастыруда.
Жұмыс жоспарына сәйкес Жуалы ауданындағы бірқатар мектептер мен колледжде кездесу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Ақбастау ауылындағы Б.Майлин атындағы орта мектепте, Нұрлыкент ауылы №5 Ломоносов атындағы орта мектепте, Теріс ауылы С.Сейфуллин атындағы орта мектепте, Көктөбе ауылы №30 Көктөбе орта мектебінде, Ақбастау ауылы №16 Жуалы колледжінің оқушылары және студенттермен кездесу ұйымдастырылды.
Экстремизм мен терроризм жайлы түсіндіруге «Әбдіқадір» мешітінің бас имамы, дінтанушы Дәурен Құттыбаев шақырылды. Кездесуде деструктивті ағымның алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әр кездесудің соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, кері байланыс орнатылды.

«Жаңа өмір»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close