Basty bet

Салт- дәстүр ұлықталды

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Дәстүр және ғұрып» жаңа жобасы аясында Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының ұйымдастыруымен Қарабастау ауылдық мәдениет үйінде жастарға берер тәрбиесі мол «Жарысқазан» салт-дәстүрі өтті.

Шараның мақсаты – соңғы жылдары көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүрлерімізді, ұмытылып бара жатқан салттарымызды қайта жаңғырту, келешек ұрпаққа дәріптеу.
Шара барысында ай-күні жақындаған келіннің толғағы басталған кезде көргенді аналар келіннің жайлы босануына жағдай жасады. Ақ жаулықты аналар қара қазанға ет салып, келіннің шашына дейін тарқатып, денесін еркін ұстауын қадағалады. Сонымен қатар, басқұрларды босатып, үй ішінде түйілген нәрселерді қалдырмай шешіп, екі кереге басына арқан керіп сәби шыр етіп дүниеге келгенше ыждағаттылықпен күтті.
Ұрпақ әкелетін уақытта жанын шүберекке түйіп, өз басының емес, әлі жарық дүниенің есігін ашпаған перзентінің амандығы үшін бар күш-жігерін сарп еткен сәтті онлайн арқылы әлеуметтік желі қолданушыларына көрсетілді.
Қырық шырақты әйел бір Алланың қалауымен ұлды, қызды перзенттерін осылай дүниеге әкеледі. Ана бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен. Осы астарлы терең ойлы сөздің мағынасы бүгінгі тәрбиелік маңызы зор шарада паш етілді.

Аида Қошаева,
аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығының әдіскері, «Рухани жаңғыру» бағдарламасының кіші офис менеджері

Таңдаулы материалдар

Close