Basty bet
Аудан тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 24 бабы, 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының заңдарында тегін ұсынылуға кепілдік берілген мемлекеттік қызметтерді көрсеткені үшін көрсетілетін қызметті алушыға төлемақы белгілеуге жол берілмейді.
Осы орайда, Жуалы ауданы әкімі аппараты аудан бойынша мемлекеттік қызметтерді электронды нысанда ақылы негізде алып беруге тыйым салынатындығын ескертеді.