Basty bet

Абай медалімен марапатталды

Кең-байтақ Қазақстан ғана емес, бүкіл дүниенің төрт құрлығында 175 жылдығы жан-жақты аталып жатқан Ұлы Абайдың есімі ғұлама ойшыл, ақын, ұлтымыздың әдебиетінің негізін қалаушы ретінде қазақ тарихында мәңгі қалады.
Қазақ халқы қастерлейтін ақынның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы мен тіршілігі, дүниетанымы, тілі, рухы жан-жақты көрініс тауып, шын мәнінде Абай әлеміне айналып отыр.
Жақында ұлт мақтанышы хакім Абайды жан-жақты насихаттаудағы ерен еңбектері үшін бір топ мемлекет және қоғам қайраткерлері, әдебиет пен өнер саласының өкілдері Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған Алтын медальмен марапатталды.

Айтулы марапатқа жуалылық, Жуалы аудандық «Жаңа өмір» газетінің бұрынғы қызметкері, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Түркі әлемі» телестудиясының Бас директоры Доқтырхан Тұрлыбек ие болды.
Әріптесімізді кезекті марапатымен құттықтаймыз!
Еркін ЖАППАСҰЛЫ,
жазушы.
Алматы қаласы

Таңдаулы материалдар

Close