Basty bet

АЗАМАТТАРДЫ 2023 ЖЫЛҒЫ КӨКТЕМГІ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ ШАҚЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ

Жуалы ауданында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы №561 «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының Президентінің 2023 жылғы 2 ақпандағы № 120 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2023 жылдың наурыз-маусымдағы және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына, Жуалы ауданы әкімінің 2023 жылғы 23 ақпандағы №42 «2023 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу туралы» Қаулысына сәйкес 2023 жылдың наурыз айынан бастап Жуалы ауданы аумағында 1996-2005 жылдар аралығында туылған ер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары жүргізілуде.
2023 жылы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын шақырылушылар ауылдық округтерді аралау арқылы алдын-ала зерделеніп, және олардың ата-аналарымен сұхбат толыз жүргізіліп, қызу түрде жұмыс жүруде.
Қазақстан Республикасының 2012 жылдың 16 ақпанындағы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» №561 Заңының, Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 ж. 15.05. № 620 «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қаулысының, «Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығының талаптары түсіндіріліп, Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңы, қызмет өткеру жағдайлары, әскерге шақырылушыларға ережелері ұғындырылып жеткізілген.
Барлық ауыл округтерінің әскери есепке жауапты мамандарымен шақыру кезеңдерінің алдында арнайы сабақ өткізіліп, Қазақстан Республикасының Заңнамаларымен, Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінен түскен талаптармен таныстырылып, сабақ өткізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Шекара қызметі және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне мерзімді әскери қызметінің жасағы толығымен орындалды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланына жасақталуда. Осыған орай 18-27 жас аралығындағы азаматтарды Жуалы ауданы Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келіп медициналық комиссиядан өтуге шақырамыз. Денсаулығы жарамды болған жағдайда әскери қызметке аддын ала командаларды ұсынып, өз қалауы бойынша елді мекенге жөнелтеміз. Егер денсаулығында ақау болса, қайта дәрігерлік тексеруге жіберіледі және әскери есептен шығарылады.
Өзінің Отан алдындағы борышын өтеген азаматтарға, мемлекет тарапынан жеңілдіктер мен мүмкіндіктер берілуде. Мысалға ЖОО-на оқуға түсуге Бірыңғай Ұлттық тестілеу нәтижесінсіз оқуға түсу мүмкіндігі беріледі, ал қызмет барысында жақсы жетістіктерге жеткен ер азаматтар оқуға тегін түсе алады.
Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің мекен жайы: Б.Момышұлы ауылы, Рысбек батыр көшесі № 94, тел: 2-13-53, 2-14-56

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close