Basty bet
Ветеринариялық-санитариялық талаптардың орындалуы қатаң қадағалануда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазакстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілген басымдықтардың ішінде Қазақстанның алдында тұрған аса маңызды міндеттердің қатарында өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, ауыл шаруашылығын, кәсіпкерлікті барынша дамыту мәселелері айтылғаны белгілі. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы саласында мал шаруашылығын дамыту, оның ауруларының алдын алу, жалпы ветеринарияны дамыту ісі ие екені айтпаса да түсінікті.
«Елімізде ет, жеміс-жидек, көкөніс, қант, бидай, майлы дақылдар, сүт өнімдерін өндіру және өңдеу үшін 7 ірі экожүйе қалыптастыруға болады. Балық шаруашылығына да ерекше мән берген жөн. Қосымша құн қалыптастырудың өзегі саналатын ірі жобалар маңызды рөл атқаруға тиіс.
Вертикальді кооперация аясында жеке қосалқы шаруашылықтың әлеуетін пайдаланған абзал. Жеке шаруашылық миллиондаған ауыл тұрғындарына табыс табуға мүмкіндік бере алады. Олардың азық-түлік хабтарын құруға жұмылдыру керек» делінген Президент Жолдауында. Бас құжатта айтылғандай, осы айтылған межелі міндеттердің орындалуында ветеринариялық қадағалау жұмыстары маңызды рөл атқарады.
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы» ветеринария, ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдері саласында басшылықты жүзеге асыратын Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының аумақтық бөлімшесі болып табылады. Инспекция өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырады.
Инспекцияның негізгі міндеттері: жануарларды аурудан қорғау бойынша бақылауды атқару, халық денсаулығын жануарлар мен адамдарға ортақ аурулардан қорғау, ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден әкелінген жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының енуінен және таралуынан қорғау болып табылады.
Тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына, сондай-ақ, соларға қатысты бұзушыларға заңнамада көзделген шараларды қолдана отырып, бақылауды және қадағалау жүзеге асырылатын субъектілерге кедергісіз баруды қоса алғанда, техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарын сақтау тұрғысынан:
-жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткзуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
-ішкі сауда объектілерінде;
-ветеринария саласындағы кәсіпкерлік, оның ішінде лицензияланатын қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
-мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарда;
-орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
-жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
-мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), күтіп-ұстауға, көбейтуге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеуге және өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ орны ауыстырылатын объектілерді тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
– жергілікті атқарушы органдардың және олардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелерінің функцияларын орындауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асырады;
-ветеринариялық-санитариялыққолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда ҚР заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қояды және жояды, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды) немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысады;
-Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қояды, реттелуші саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.
2020 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін барлығы 127 мемелекеттік қызмет көрсетілді. Олар: ҚР АШМ 2015 жылғы 6 мамырдағы №7-1/418 бұйрығы ветеринария саласындағы мемелекеттік көрсетілетін қызметтер стандартына сәйкес, «Экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге ветеринариялық сертификат беру» бойынша Ресей Федерациясы мен Өзбекстан еліне 72 ветеринариялық сертификат, «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру» бойынша 6 рұқсат, «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру» бойынша 24 ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ҚР АШМ 2015 жылғы 23 қаңтардағы №7-1/37 бұйрығымен «Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру» бойынша 25 есептік нөмірлер беріліп, мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Ауданда эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында аса қауіпті ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуы: аусыл ауруына қарсы мүйізді ірі қара малына 105 800 басқа, ұсақ малға 472 300 басқа, обаға қарсы ұсақ малға 240 000 басқа, күл ауруына қарсы ұсақ малға – 235 000 басқа, нодулярлы дерматитке қарсы мүйізді ірі қара малына 57800 басқа, сібір жарасы ауруына қарсы мүйізді ірі қараға 53 900, ұсақ малға 235 000, жылқы малына 11 100, шошқаға 500 басқа вакцина егілді. 2020 жылы ауданда құс тұмауы ауруының тіркелуіне байланысты 84600 доза мөлшерінде үй құстарына вакцина егіліп, алдын алу шаралары жүргізілді.
Жуалы ауданы бойынша 2020 жылға диагностикалық тексерудің орындалуына келер болсақ, мүйізді ірі қара малының 94 976 бас тексеруден өтіп, оның 96 басы оң нәтиже көрсетті, ұсақ малдары 361 363 бас тексеруден өтіп, оның 31 басы оң нәтиже көрсетті. Аталған ауру малдар ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай сойылып, жойылды.
Айта кету керек, инспекцияда жұмыс істейтін бас маман-ветеринариялық-санитариялық мемлекеттік инспекторларының саны – бесеу. Мен ветеринариялық қадағалау-бақылау саласында 2012 жылдан жұмыс істеп келемін.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 406 бабының тармақтарына сәйкес, ветеринариялық заңнамалықты бұзу бойынша 18 жеке және лауазымды тұлғаларға 486 953 теңге көлемінде айыппұл салынып, өндірілді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіруді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелі тәжірибесін енгізу керектігі маңызға ие. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын қолдау әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы өз құзыреті шегінде жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күресті тұрақты бақылап, нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта заң талаптарын қатаң сақтап, құқық бұзушылықтарға жол бермеу үшін инспекция қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріліп отырылады.
Биылдың өзінде сала мамандары төрт жиынға шақырылып, аталған тақырыпты кеңінен талқылады. Инспекция орналасқан ғимарат дәлізінде ақпарат алушыларға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында стенділер орналастырылған. Стендіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік құқықтық актілер, жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар, ҚР АШМ жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың фактілері туралы ақпараттарды қамтиды. Ал, мемлекеттік қызметтерді көрсету стендісінде «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру», «экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілеріне сертификат беру, ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру, өндіріс объектілеріне есептік нөмір беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары ілінген.
Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету толықтай белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғалардың арасында тікелей қарым-қатынасты азайтуға қол жеткізілді.
Есенбай ОШАНОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.
Жуалы ауданының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы