Basty bet
Есепті уақтылы тапсыру қажет
Жақында Ақсай ауылдық округінде аудандық статистика басқармасының басшысы Ерлан Тыныбековтің қатысуымен семинар өтті. Семинарға ауылдық округтің әкімі Мақсат Мәтен және бас маман Ерлан Мырзалиев те қатысты.
Жиында ауылдық округ бойынша тапсырылатын статистикалық есептер туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Семинар барысында аудандық статиска басқармасының басшысы Е.Тыныбеков жер учаскелерінің, меншік иелерінің және жер пайдаланушыларының қаржы-өндірістік қызметі туралы есептіліктерді өз мерзімінде тапсыру қажет екенін түсіндірді. Басқарма басшысы №2АШ «Астықтың болуы және қозғалысы туралы» , №3-АШ «Майлы дақылдар тұқымдарының болуы және қозғалысы туралы», №4-АШ «Егін өнімін себу қорытындылары туралы», №29-АШ «Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін барлық жерден жинау туралы», №6-р «Шаруа (фермер) қожалықтарындағы жер алқаптарының болуы туралы мәліметтер» жалпы мемлекеттік статистикалық байқаудың есептілік нысандары екенін баса айтты. Сонымен қатар, ол аталған есептілікке жауапкершілікпен қарап, әр статистикалық есепті уақтылы тапсыру қажет екенін түсіндірді.
Сондай-ақ, жиында басқарма басшысы қойылған сұрақтарға тұшымды жауап берді.
Аудандық статистика басқармасы