Basty bet

Ауыл әкімдері сайланды

2019 жылдың 16 маусымында Б.Момышұлы ауылы және Қошқарата ауылдық округі әкімдерінің сайлауы өтті. Аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында өткен сайлауға аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Дауыс беруге аудандық мәслихаттың 11 депутаты қатысты. Сайлауда депутаттар өз таңдауларын жасады. Таңдаушылар дауысы төмендегідей бөлінді.
Б.Момышұлы ауылы бойынша:
1. Хайралапов Көбейсін Есқалиұлы – 11 дауыс;
2. Сейтқұлов Нұрахмет Сағындықұлы – 0 дауыс;
3. Базарбаев Нұржігіт Қасымбекұлы – 0 дауыс.
Сайлау қортындысы бойынша таңдаушылардың басым дауысын алған Хайралапов Көбейсін Есқалиұлы Б.Момышұлы ауылының әкімі болып тіркелді.
Қошқарата ауылдық округі бойынша:
1. Мырзалиев Жәнібек Амангелдіұлы – 11 дауыс;
2. Мәжит Мұрат Алматұлы – 0 дауыс;
3. Қамбарбеков Еркебұлан Бекұлы – 0 дауыс.
Сайлау қорытындысы бойынша таңдаушылардың басым дауысын алған Мырзалиев Жәнібек Амангелдіұлы Қошқарата ауылдық округінің әкімі болып тіркелді.
Жуалы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясы

Таңдаулы материалдар

Close