Basty bet

Баукеңнің басқа бауыржандарға батасы

– Қазір елде сіздің құрметіңізге қойылған Бауыржан есімді балалар көп. Соларға қандай тілек айтар едіңіз? (Мен бұл сұраққа Бауыржан: «Олардың бәрі бірдей батыр болмай-ақ қойсын, бірақ тегіс патриот болсын» деп бір-ақ ауызбен жауап беретін болар деп ойлағанмын).
– Маған білеміз деген бір жігіттер Қазақстанда он үш мыңдай Бауыржан бар екен деп хабарлады. Мен әзілдеп оларға: менің атым орыстың Иваны сияқты болып бара жатыр екен ғой дедім. Бұл әзілім, әрине. Ал, мен ол цифрдың анық-қанығын білмеймін. Білетінім: мен қазіргі Бауыржандардың ішінде бірінші номерлі Бауыржанмын. Мен міне алпысқа келдім. Мені сыйлап, қадірлеп, сәбилеріне менің атымды қойған атa-аналарға, олардың туған-туысқандарына шын ниетпен алғыс айтамын. Ал Бауыржандарға айтарым: Азамат болып өсіңдер, қарақтарым! Қатарыңнан кем болмаңдар. Бірің болмаса бірің менен асып кетсеңдер, оған ешқандай дауым жоқ. Барлық Бауыржанға, барлық балдырғандарға ақ ниетпен ақ батамды беремін!- деп жауап берді Баукең.

(Әзілхан Нұршайықовтың
«Ақиқат пен аңыз»
роман-диалогиясынан)

Таңдаулы материалдар

Close