Basty bet

Қоғамдық кеңестIң жұмысын жандандыру – басты мIндет

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті ағымдағы жылғы қараша-желтоқсан айларында аудандық қоғамдық кеңес мүшелері және кәсіпкерлермен бірлесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген.

Осыған орай, аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшылығы мен Жамбыл облысының Қоғамдық кеңесінің заңдылық, құқық тәртібі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясы мүшелерінің қатысуымен қоғамдық кеңестің отырысы өтті.
Қоғамдық кеңес отырысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Жамбыл облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары м.у.а Дәурен Омаров ашып, жүргізіп отырды.
Алдымен сөз алған Превенция басқармасы басшысының орынбасары Ербол Бақтыхожаев сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасы шеңберінде кеңінен ой қозғады. Ал, “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестіктің Жамбыл облысы бойынша филиалының жетекшісі Назима Жұбандықова қоғамдық бірлестіктердің атқарып жатқан жұмыстарына тоқтала келе, Жуалы ауданының тұрғындары көтерген мәселелерге шолу жасады.
Сонымен қатар, жиында сөз алған аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев аудандық қоғамдық кеңестің атқарып жатқан жұмыстары туралы кеңінен баяндады.
Жиын барысында Дәурен Омаров қоғамдық кеңес мүшелерінің аудандағы соғылып жатқан құрылыс нысандарын аяқталғанға дейін бақылауға құқылы екендігін, егерде құрылыста қандай да бір кемшіліктер анықталатын болса қоғамдық кеңес отырысында талқыға салып, кемшіліктерді болдырмауға тырысу қажеттігін айтты.
Әрі қарай, қоғамдық кеңес мүшелері Серік Қойбақов, Ерлан Тоғайбаев білім саласындағы грант беру мәселесі, монополистердің жұмыстағы қателіктері жемқорлық фактілерінің орын алуы бойынша біздің облыс, аудан нешінші орынға тұрақтағандығы туралы сауалдарын жолдап, бірқатар ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Бұл мәселелер төңірегінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары м.у.а Дәурен Омаров нақты жауаптар беріп отырды.
Жиынды аудан әкімінің орынбасары Асхат Жабағы қорытындылады.

Мақпал САМАТҚЫЗЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close