Basty bet
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-КЕҢЕС
Аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Жасөркен Жақсылықтың төрағалығымен аудан әкімдігінің бөлімі, Б.Момышұлы ауылы мен ауылдық округ әкімі аппараты қызметкерлерінің қатысуымен аудан аумағында мемлекеттік қызмет көрсету қағидасының орындалуын қамтамасыз ету тақырыбында әдістемелік көмек көрсету мақсатында семинар-кеңес өтті.
Семинар-кеңеске бейнеконференция арқылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы Жанәділ Құрбанов қатысты.
Семинар барысында Жанәділ Құрбанов баяндама жасап, қажетті мағлұматтарды тереңінен жеткізді. Сонымен қоса, семинарға қатысушылардың көкейінде жүрген бірқатар сұраққа жауап беріп, жұмыс атқару барысында кездесетін жағдайларға жан-жақты түсіндірме беріп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Одан бөлек, аудан әкімі аппаратының басшысы, Әдеп жөніндегі уәкіл Жасөркен Жақсылық қызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормаларының қатаң сақтау керектігі туралы, сондай-ақ аудан тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметті сапалы және уақтылы орындалуы туралы кең көлемде түсіндірме жүргізді.
Сонымен қатар мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының нәтижесін жақсарту бойынша бірқатар тапсырма беріп, семинар-кеңесті қорытындылады.
Аудан әкімінің аппараты