Basty bet

Кәсіпкерліктің дамуына қолайлы жағдай жасалуда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында еліміздегі кәсіпкерлік саласының дамуына тоқтала келе, «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені, нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді. Мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс. Олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту керек. Шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 2025 жылға қарай 35 пайызға дейін, ал жұмыспен қамтылғандардың саны 4 миллион адамға дейін көбеюі керек. Бұл осы саланы дамытуға бағытталған жұмыстардың басты нәтижесі болмақ» деп атап көрсетілген.
Аудан аумағында 2020 жылдың 01 желтоқсанында статистикалық деректерге сәйкес 4 930 кәсіпкерлік субъектілері тіркелген, оның ішінде 2 орта, 192 шағын кәсіпорындар (заңды тұлғалар), 2274 жеке кәсіпкерлер және 2462 шаруа қожалықтар, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда тіркелген кәсіпкерлік субъектілері 4,3 пайызға артқан. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілері 4 544, 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,1 пайызға артып отыр.
Осы кәсіпкерлік субъектілерінде барлығы 9 252 адам жұмыс атқаратын болса, соның ішінде 109 адам орта кәсіпорындарда, 694 адам шағын кәсіпорындарда, жеке кәсіпкерлікте 2 856 адам, шаруа қожалықтарында 5 593 адам жұмыс істейді. Жалпы тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің есепті мерзімге 4 554-і немесе 92,7 пайызы жұмыс істеуде.
Аудандағы өндіріс ошақтары жұмыс жасап, нәтижесінде өнеркәсіп өнімдерін шығарып отырған кәсіпорындар 2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 10 152,5 млн теңгенің өнімдерін өндіріп, (2019 жылдың 11 айында 9 411,1 млн теңге) 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өндірілген өнімнің нақты көлем индексі 100,2 пайызды құрады. Жыл қорытындысымен 100,3 пайызға орындалуы күтілуде.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 7 724,7 млн теңгені құрады (2019 жылдың 12 айында 5 392,6 млн теңге), 2019 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 31,5 пайызға артып отыр.
2020 жылдың қаңтар-қараша айларында 2 352,0 млн теңгенің (2019 жылдың 11 айында 2 160,7 млн теңге) бөлшек саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 102,1 пайызға орындалды. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 102,0 пайызға орындалуы күтілуде. Сондай-ақ, есепті мерзімге 3 821,7 млн теңгенің (2019 жылдың 11 айында 1 531,1 млн теңге) көтерме саудасы жасалып, былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 231,8 пайызға орындалды. Жыл қорытындысымен бұл көрсеткіш 226,0 пайызға орындалуы күтілуде.
Жамбыл облысында 2019-2025 жылдар аралығында 2 581,1 млрд. теңгеге іске асырылуы жоспарланып отырған 70 инвестициялық жобаның ішінде Жуалы ауданына қатысты бес инвестициялық жобалармен жұмыстар жүргізілуде. Олар – «Қаралма» тау-шаңғы базасы, «Гамбург» ЖШС-нің 1 200 бас мүйізді ірі қара малға арналған сүт тауарлы фермасының құрылысы, Берікқара шатқалындағы «Тау самалы» туристік кешенінің құрылысы, Билікөл ауылдық округіндегі күн сәулесінен электр энергиясын өндіру жобасының құрылысы, «Көксай» каналының бойынан қуаттылығы 18 мВт. құрайтын кіші су электр станциясының құрылысы.
2019 жылы бастау алып, қазіргі кезде құрылысы жалғастырылып жатқан, жалпы құны 4,8 млрд теңгені құрайтын ірі инвестжобалардың бірі «Қаралма» тау-шаңғы базасы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінен 8 шақырым, Тараз қаласынан 70 шақырым, Шымкент қаласынан 90 шақырым қашықтықта орналасқан.
Қазіргі кезде құрылысы жүргізіліп жатқан «Қаралма» тау-шаңғы кешенді туристік базасы көлемі, көрсетілетін қызмет түрлері, сапасы жағынан облыстағы алғашқы ірі туристік нысан. Жыл бойы жұмыс істеуге бағытталған демалыс базасындағы арқан жолының ұзындығы 2 500 метр, бугель жолының ұзындығы 350 метр. Кешен құрылымына еуропалық үлгідегі 20 коттедж, 70 орындық мейрамхана, шолу алаңы, қызмет орталығы, автотұрақ кіреді. Бұдан басқа, кешен аумағында арнайы әзірленген табиғи туристік экскурсиялық соқпақтар бойынша тауға өрмелеу, жаяу жүру, ат және велосипед маршруттары, волейбол, баскетбол және футбол алаңдары, теннис корттары, сол сияқты, шаңғышылар мен сноубордшыларды сырғанау және оқыту қарастырылған. Теңіз деңгейінен 3 200 метр биіктікте Батыс Тянь-Шаньның, Талас жотасының солтүстік беткейінде орналасқан туристік база – облыстағы алғашқы көп салалы (спорттық, демалыс) демалыс орны болып табылады.
«Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша Шақпақ ауылдық округіне қарасты Амансай ауылы маңынан таулы аймақтан әктасты жыныс, долмит және минералды ұнтақтар шығаратын өндіріс орны «South road» ЖШС жоба құны 507,0 млн теңгені құрайды, жоба іске қосылу үшін аудан әкімшілігі тарапынан жер учаскесі ұсынылып, Алматы қаласындағы «ЮжКазНедра» АҚ-мен жер қойнауындағы қордың мөлшерін анықтау және өндірістің жобалық сметалық құжаттамаларын дайындап беру туралы келісімшарт жасалынды.
Жанадан ашылатын жұмыс орнының саны 30 адам тұрақты. Жоба іске асқан жағдайда 2021 жылы ауданға 72,0 млн тг салық төленеді. Келісі 5 жылдықта 130 млн тг дейін өседі деп жоспарлануда. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, аталған жоба ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы №32 қаулысымен бекітілген «Жобаларды индустрияландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу» бағдарламасындағы, өндеу өнеркәсібіндегі 14 басым бағыттың ішіндегі, құрылыс материалдарын, яғни әктас және құрылыс гипсін өндіру тармағына сәйкес келетіндіктен, аталған жоба ұсынылып, бүгінгі таңда «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында инфрақұрылым жүргізу үшін тиісті құжаттары ұсынылып, бүгінгі таңда құжаттарын жинақтауда.
«ШақпақЖолсервис» ЖШС-нің «Битум зауытын қайта жаңғырту» жобаларын іске қосылып, бүгінгі күнге «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпорынды орта жөндеуден өткізу үшін сонымен қатар құрал-жабдықтарын жаңарту үшін құжаттарын жинақтауда.
Былтырғы жылы сынама ретінде іске қосылған сүт өнімдерін шығаратын жаңа кәсіпорын («LF сompany» ЖШС) ағымдағы жылы жаңғыртылып, қосымша цехтар салынып, ауданға тіркелу жұмыстары толықтай тіркеліп аяқталды. ҚР Үкіметінің 27.01.2016 жылғы №32 қаулысымен бекітілген «Жобаларды индустриаландыру картасына және өңірлерде кәсіпкерлікті қолдау картасына енгізу» бағдарламасындағы, өндеу өнеркәсібіндегі 14 басым бағытының ішіндегі, азық-түлік өнімдерін өндіру бағыты бойынша кәсіпкерлік картасына енгізу бойынша облыс әкіміне (№2873, 21.09.2020 ж.) ұсыныс хат жолданды.
Шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру бағытында ауданда бүгінгі күнге 4 шағын микрокредиттік ұйымдар кәсіпкерлік субъектілеріне несие тарату қызметімен айналысады. 2020 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында осы ұйымдар барлығы 3 491 адамға 2 661,3 млн теңгеге несие таратты, (2019 жылдың осы мерзімінде 4 501 адамға 2 628,9 млн теңге, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда адам саны да, берілген қаражаттың сомасы да артқан) оның ішінде «KazMicroFinance» ЖШС-нің Жуалы ауданындағы бөлімшесі 2 679 адамға 1 924,3 млн теңгенің, «Жуалы несие серіктестігі» ЖШС 34 адамға 282,2 млн теңгенің, ал «Азия несие қоры» ЖШС 488 адамға 193,7 млн теңгенің, «Арнұр-Кредит» ЖШС микрокредиттік ұйымы 290 адамға 261,1 млн теңгенің несиесін берген.
«Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында пайыздық мөлшері субсидияланатын несие алу, кепілдік беру және инфрақұрылымды дамыту мақсатында нақты 6 жобамен жұмыстар жүргізіліп, «Даму» КДҚ» АҚ-мен келісімге отырып, пайыздық мөлшері субсидияланатын барлығы 270,0 млн. теңге несиеге қол жеткізілді.
Атап айтқанда, «Атамекен» сауда өндірістік компаниясы» ЖШС екі келісім негізінде жалпы 102,0 млн теңге, 60,0 млн теңге құрал-жабдықтар сатып алуға және 42 млн теңге қаражат айналымын толықтыруға, «Зылиха» ШҚ-ғы жаңа картоп өнімін сатып алуға 25,0 млн. теңге, ЖК «Мешелова З.Е.» пастерленген сүт өнімдерінің өндіру линиясы және айран өндіруге 60,0 млн теңге, «Сахад» ЖШС ауыл шаруашылығы мақсатындағы құрал-жабдықтарды толықтыруға 70,0 млн теңге, ЖК «Каирбекова Г.К.» мейрамхана бизнесін кеңейту 6,0 млн теңге, ЖК «Копбаев Бекболат Бейбитович» автокөлік бөлшектері дүкеніндегі айналым қаражатын толықтыру 7,0 млн теңге несиеге қол жеткізді.
Сонымен қатар, «Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылған мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурстық комиссияға ауданнан 44 жоба ұсынылып, оның ішінде 2 жеке кәсіпкер мемлекеттік грантты жеңіп алды. Олар: ЖК «Бектурганов» Бектұрғанов Бақытжан Өмірзақұлы 5,0 млн теңге және ЖК «Ахмадбекова А.Ж» Ахмадбекова Айнакүл Жұмабекқызы 3,0 млн теңге жалпы 8 жаңа жұмыс орындары ашылады деп күтілуде.
«Қарапайым заттар экономикасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие алу мақсатында жалпы сомасы 514,8 млн.теңгені құрайтын нақты 22 жобамен жұмыстар жүргізіліп, нәтижесінде 20 жоба «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-мен келісімдері жасалып, жалпы құны 409,8 млн теңгені құрайтын несиеге толық қол жеткізілді. Қалған 2 жоба бойынша ЖК «Малибекова» 65,0 млн теңгеге және «СМТС» ЖШС 40 млн.теңгеге несиелендіру құжаттары екінші деңгейлі банктердің қарауында.

Бауыржан АБДАЛИЕВ,
аудан әкімдігі кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Close