Basty bet

Қолөнершінің құнды дүниелерімен танысты

Жақында №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дина Қырғызбаеваның ұйымдастыруымен 9 сынып оқушылары Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны, он саусағынан өнер тамған, ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап жүрген қолөнерші Дарихан Садықованың үйіне барды.
Іс-шара барысында балалар әжейдің үйіндегі ұлттық қолөнерге арналған музейімен танысты. Онда оның өз қолымен жасалған ұлттық нақыштағы ою-өрнекпен қапталған құнды дүниелері, яғни, түрлі ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, музыкалық аспаптар, келі-келсап, күбі, ұлттық киімдер мен заттар қойылған. Ұлттық құндылықтарға толы бөлменің ішін оқушылар таңдана жүріп тамашалады.
Кездесу барысында Дарихан әжей кейбір заттарды аудандық өлкетану музейіне сыйға бергенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, қыз балаларға ұршықты қалай иіретіндігін, тоқудың оңтайлы тұстарынан сабақ болсын деген мақсатта немересі екеуі тігіп жатқан сырмақтың тігілу жолын көрсетіп берді.
Дарихан апа көршілес Өзбекстан Республикасы Хорезм облысы Хиуа ауданы Ташаяқ ауылында дүниеге келген. Жолдасы екеуі алты баланы тәрбиелеп өсірген ана, ұлттық өнеріміздің дамуына үлес қосып отырған жан. Олар 2004 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың шетелдегі қандастарымызды елге қайтару туралы Үндеуін ести сала атажұртқа алғаш келген отбасылардың бірі.
Ауданда өткен түрлі әжелер сайыстарына қатысып, жүлделі орындарға ие болып жүрген ол кезінде ши тоқумен де айналысқан. Қазіргі таңда әжей келіндеріне, немерелеріне өз ісін үйретіп отырған жайы бар. Шарада балалар ұлттық өнердің бірі қолөнерді тамашалап, қазыналы қарт анадан өмірлік өнегелі өсиеттерді тыңдады. Өмірлеріне керек дүниелермен танысып, қолөнерден сабақ алды.

«Jańa ómir»-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close