Basty bet

Күн тәртібінде өзекті мәселелер қаралды

Аудан әкімдігі аппаратының мәжіліс залында аудандық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.
Кезекті отырыстың күн тәртібінде қаралатын мәселелермен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдікерім Уркумбаев таныстырды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе – Мыңбұлақ ауылдық округі аймағында мемлекеттік жер қорының жалпы көлемі 333 гектарға конкурсқа ұсыныс беру туралы аудан әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің бас маманы Мақсат Мәтен түсініктеме берді.
Айта кету керек, Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 43-1 бабына сәйкес, Мыңбұлақ ауылдық округінде орналасқан жер қоры 333 гектар жер пайдаланылмай, бос жатқан жерді конкурсқа қою туралы ұсыныстары жолдаған. Ол бойынша Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Алмас Рахмашов және ауылдық қоғамдастықтың мүшерелі мақұлдап, хаттама жолдаған.
Күн тәртібіндегі екінші мәселеде аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің, оның комиссия төрағаларының С.Жұмашев, Е.Тоғайбаев, Б.Мұратбаевтың 2023 жылдың I жартыжылдығында жұмыс жоспарын бекітіп, жұмыс жоспарын жандандыру жайлы болды.
Аудандық қоғамдық кеңестің шешімі:
1. 2023 жылдың 24 қаңтарындағы №19-10 ұсыныс-хаты бойынша Мыңбұлақ ауылдық округіндегі мемлекеттік жер қорынан барлығы 333 га (оның егістігі-241 га, жайылым-92 га) ауылшаруашылық мақсатындағы жер бөлімдерін конкурсқа қою үшін оң келісім берілсін.
2. Құрылған аудандық қоғамдық кеңес комиссиясының төрағаларымен (С.Жұмашев, Е.Тоғайбаев, Б.Мұратбаев) ұсынылған, аудандық қоғамдық кеңестің бекітілген 2023 жылдың I жартыжылдығына арналған жұмыс жоспарына сәйкес, зерделеу, талдау, қоғамдық бақылау шаралары көрсетілген мерзімде қамтамасыз етілсін және «Қоғамдық кеңес туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы №383 -Заңының 7 бабы, 2 тармағына сәйкес «өз қызметі туралы» 2022 жылдың есебін әр аудандық қоғамдық кеңестің мүшелері БАҚ құралдарында және мемлекеттік органның интернет-ресурстарына жариялауға міндетті екенін ескертіп, 2023 жылдың 1 наурызына дейін жариялау қамтамасыз етілсін.
3. Аудандық қоғамдық кеңестің «Бюджет қаржысы және өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі, білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік сала» комиссиясының төрағасы Р.Оспанов қоғамдық кеңес құрамынан шығарылсын.
4. «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылдың 2 қарашасындағы №383 Заңының 15 бабына сәйкес, өз өтініші негізінде М.Сүйінбай қоғамдық кеңес құрамынан шығарылсын.

Эльмира СҮЙІНБАЕВА
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close