Basty bet
Жамбыл облысының агроөнеркәсіп кешені: уақытша оңтайландыру және стратегиялық өсім
Өткен жылы 640 мың гектардан 3,2 миллион тонна өнім жиналғанын ескерсек, бұл өзгеріс алаңдататындай көрінуі мүмкін. Алайда қысқарту – уақытша әрі стратегиялық қадам. 2026–2028 жылдары Ислам даму банкі қаржыландыратын 76 суару каналына жөндеу жүргізіледі. Нәтижесінде 51,4 мың гектар алқаптың су қамтамасыз ету деңгейі артады.
Суармалы жер көлемінің уақытша азаюына байланысты ылғалсүйгіш көкөніс дақылдары 7,5 мың гектарға, бақша дақылдары 8 мың гектарға қысқарады. Есесіне өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен қамту басым бағытқа айналды. Астық жүгерісінің егіс көлемі 11,8 мың гектарға ұлғайып, 30 мың гектарға жетеді. Қант қызылшасы 8,5 мың гектарға дейін өсіріліп, 450 мың тонна өнім алу жоспарлануда.
2026 жылы іске қосылатын Fufeng Group компаниясының 800 млрд теңгелік жүгеріні терең өңдеу кешені жылына 3 млн тоннаға дейін өнім өңдей алады. 2029 жылдан кейін жүгері алқабын 80 мың гектарға жеткізу және зауытқа 560 мың тонна шикізат жеткізу көзделген. Сонымен қатар Тараз қант зауыты модернизациядан өтіп, қайта іске қосылады, ал Мерке қант зауыты тұрақты жұмыс істеуде. 2027 жылы «Zhongkai Kazakhstan» жаңа қант зауытының ашылуы жоспарланған.
Мемлекеттік қолдау да айтарлықтай: «Кең дала-2» бағдарламасы аясында 7 млрд теңге бөлініп, 101 шаруашылыққа 5% жеңілдетілген несие берілді. Көктемгі егіс жұмыстарына 27,4 мың тонна дизель отыны және 109,7 мың тонна минералды тыңайтқыш қарастырылған.
Жалпы, жүргізіліп жатқан реформалар мен инвестициялық жобалар Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік әлеуетін арттырып, өңдеу саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған.