Basty bet

КҮЗГІ ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ

«Ел болмаса, ер болмайды, ер болмаса, ел болмайды», «Еліңді сүйсең ерлік жасайсың» деген еліміздің батырлары туралы айтқан ата-бабаларымыздың нақыл сөздерін, Еліміздің Ата Заңында «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті» деп айтылған сөздерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының 16.02.2012ж. № 561-IV «Әскери қызмет және қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңының 31 бабын орындау мақсатында және 2022 жылдың қыркүйек айында кезекті күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны басталады деп жоспарлануда Осыған орай Жуалы ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі қыркүйек айынан бастап 18-27 жас аралығындағы әскерге шақыру жасындағы елін сүйетін барлық азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне міндетті түрде келуі және медициналық куәландырудан өтуі тиіс екендігін хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 15.05.2012 жылғы №620 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларының» 2 тарауы 9 тармағына сәйкес ұйым, мекеме басшылары өз қол астында жұмыс істейтін әскерге шақыру жасындағы азаматтарды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне келуін қамтамасыз ететіндігін, аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі әскери қызметтен жалтарып жүрген азаматтардың тізімін іздестіру іс-шараларын жүргізу үшін аудандық полиция бөліміне беру құқығы бар екендігін хабарлайды.
Жоғарыда атап көрсетілген заңдардың талаптары орындалмаған жағдайда:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінде бірқатар әкімшілік жауапкершілікке тарту баптары қарастырылған. Мәселен, азаматтарды ұйым басшысының немесе әскери-есепке алу жұмысына жауапты тұлғасының аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыруы туралы құлақтандырмауы, сол сияқты азаматтарға аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыруы бойынша уақтылы келу мүмкіндігін қамтамасыз етпеуі – он айлық есептік көрсеткіш (30630тг.) мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады. Азаматтарды әскери есепке қою жөніндегі немесе аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің әскерге шақыру комиссиясының жолдамасы бойынша медициналық куәландырудан не тексерілуден жалтару (келмеу) – әскери міндеттілерге – бес айлық есептік көрсеткіш (1535тг.) мөлшерінде, ал әскерге шақырылушыларға ескерту жасауға не үш айлық есептік көрсеткіш (9189тг.) мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде әскери қызметтен жалтарған (аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің үш рет шақырту қағазын алып, келмей қойған немесе әскери қызметке барудан бас тартқан) әскерге шақырылушыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында 387 бабы қарастырылған. Осы бапта мынадай жағдайлар:
«1.Әскери қызметтен босатуға заңды негіздер болмаған кезде осы қызметке шақырылудан жалтару – бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (3 063 000 теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сол бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
2. Мынадай:
1) өзінің денсаулығына зиян келтіру арқылы;
2) аурумын деп жалған сылтаурату жолымен;
3) жалған құжат жасау немесе өзге де алдау арқылы жасалған дәл сол іс-әрекет – үш мың айлық есептік көрсетішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға (9 189 000 теңге) не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығын айыруға жазаланады»,- деп көрсетілгендігін ескертеді.

М.Амержан,
Жасақтау тобының бастығы,
аға лейтенант

Таңдаулы материалдар

Close