Basty bet

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы №746 қаулысы

Үшінші бағыт: халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту
Бағдарламаға кім қатысалады?
1.Қазақстан Республикасының азаматтары;
2.Оралмандар және олардың отбасы мүшелері.
Қоныс аударатын өңірлер:
1.Солтүстік Қазақстан облысы;
2.Шығыс Қазақстан облысы;
3.Қостанай облысы;
4.Павлодар облысы;
5.Ақмола облысы;
6.Атырыау облысы;
7.Батыс Қазақстан облысы.
Бағдарламаға қалай қатысса болады?
1.Жұмыспен қамту орталығына жүгіну керек;
2.Мамандардан кеңес алу қажет;
3.Қоныс аударатын өңірді таңдайсыз.
“Еңбек” бағдарламасының үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаңды дамыту.
“Еңбек” бағдарламасының үшінші бағытының операторлары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, қоныс аударушыларға тұрғын үй салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып табылады.
Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлік диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында “Еңбек” бағдарламасы шеңберінде ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Мемлекеттік қолдау:
“Еңбек” бағдарламасына қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне сондай-ақ отбасылық жағдайына қарамастан жалғызбастыларға бір рет отыз бес АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек отағасына және әрбір отбасы мүшесіне беріледі.
Көшуге материалдық көмек “Еңбек” бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне олар жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін беріледі.
“Еңбек” бағдарламасына қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға он екі ай бойы ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерлерде материалдық көмек беріледі:
1) қалалық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;
2) ауылдық жерлерге қоныс аударғандар үшін:
бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;
отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.
Ерікті түрде қоныс аударғанда мемлекеттік қолдау шаралары “Еңбек” бағдарламасына қатысушыға және оның отбасы мүшелеріне бір рет көрсетіледі.

Таңдаулы материалдар

Close