Basty bet

2021 жылдан бастап кімдер кірісі туралы есеп береді?

«Табысты ашық көрсетуден үрейленудің қажеті жоқ». Отандық сарапшылар жалпыға бірдей декларациялауға қатысты осындай пікір білдірді. Мамандардың сөзінше, қайта керісінше, мұндай шешім экономикада ашықтық үрдісін қалыптастыруға әсер етеді дейді. Еске салсақ еліміздің қаржы министрлігі 2021 жылдан бастап азаматтар өз табысын ашық көрсетуге міндеттеле бастайтынын мәлімдеген болатын.
Жаңа жылдан бастап ел азаматтары өзіне тиесілі табысын көрсетуге міндеттеледі. Бұл туралы арнайы жалпыға бердей декларация қабылданды. Шара төрт кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде өз кірісі туралы ақпаратты қаңтардан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, екінші кезеңде, яғни 2023 жылы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері мен олардың жұбайлары көрсетуі тиіс. Үшінші кезең, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап жүзеге асады, яғни заңды тұлғалардың басшылары мен жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларация тапсыра бастайды. Ал, төртінші кезеңде, яғни 2025 жылы халықтың қалған санаттары табысы туралы есеп берулері қажет.
Декларацияны тапсыру мерзімдері қағаз жүзінде 15 шілдеге дейін тапсырылады. Электрондық түрде 15 қыркүйекке дейін тапсырылады. Содан кешіктірмей тапсырылуы керек. Шетелдегі тіркелген басқа да нысандар бойынша есеп жүргізіледі. Осы мақсатта енгізіліп отыр».
Сонымен қатар, сарапшылар декларация жұртты келісімшартсыз немесе еңбек шартынсыз жұмысқа алатын мекемелердің де заңсыз істерін әшкерелеп, ал еңбеккерлердің құқығын заң жүзінде қорғауға ықпал ететінін айтады. Сондай-ақ, табыс туралы декларация дамыған елдерде кеңінен қолданылатын тәжірибе.
Жалпы осыған дейін елімізде табыс туралы декларацияны тек лауазымды мемлекеттік қызметкерлер тапсырып келген. Олар құжатта жылжымайтын мүлік пен көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетті. Енді 2021 жылғы жалпыға бірдей декларация бойынша азаматтар жылжымайтын мүлікпен қатар, жер учаскелерін, әуе және теңіз кемелерін, банк салымдарын, шетелдік банк шоттарындағы ақшаларын, инвестициялық алтын мен бағалы қағаздарын, ең төменгі есептік көрсеткіштің мың еселенген мөлшерінен асатын өнер туындыларын жария етуге міндеттеліп отыр.

Серік Қойбақов,
аудан әкімі аппаратының басшысы,
әдеп жөніндегі уәкіл

Таңдаулы материалдар

Close