Basty bet

Қазтуған шығармашылығындағы философиялық дүниетанымдық пайымдаулар

Қазақ әдебиеті төлбасыларының бірі, Алтын орда заманындағы ноғайлы – қазақ дәуірі әдебиетінің жыршысы , қазақ жыраулар поэзиясының айтулы өкілі Қазтуған Сүйінішұлы шамамен XV ғасырдың 20-30 жылдарында Еділ бойында дүниеге келген. Қазтуған жырау- ел қамын ойлаган жорықшы , халқын қастерлеп өткен жыршы , көшпенді қазақ тайпалардың әскер басы , ру көсемі болған қазақ тарихында белгілі батыры , қазақ жырауларының көрнекті көсемі болды . Халықтың қамын ойлап , жұртының мұңын жоқтаған Қазтуғандай жаужүрек батыр , қол бастаған басшы , жорықшы елін соңынан ерте білді , елінің болашағы үшін толғанып , халқына бейбітшілік , тыныштық , бірлік пен ынтымақтастық сыйлап , оны аман – есен сақтауды өзінің перзенттік борышы деп санады .

Қазтуған жыраудың артынан заман күйі , опасыз жалган дүние тіршілігі , атамекен , ұрпақ тәрбиесі мен пенделік ғұмыр, ұлт – азаттық күрес, адамның жас шамасы , әскери тұрмысқа байланысты сан алуан құнды мұра қалдырған . Бүгінгі таңда жырау шығармаларының көпшілігі делік бізге жетпеген , сондықтан жыраудың ақындық қуатын танытып , оның жыраулық атағын биікке көтерген шығармалары санаулы ғана . Бізге жеткен шығармаларынан қазіргі кезде « Бұдырайған екі шекелі » , « Мадақ жыры » , « Алаң да алаң , алаң жұрт » , « Белгілі биік көк сеңгір » , « Қазтуғанның қонысымен қоштасуы » деп аталатын бірнеше толғаулары ғана бар . Жырау поэзиясындағы басты сарындарының бірі – жауынгерлік рух , жаугершілік заман күйі түскен жыр – толғаулар , туған жер , ата қоныспен Қоштасу , жоғын жоқтау , қимасын аялау.

Мысалы: Қайран менің Еділім ,

Мен салмадым , сен салдың ,

Қайырлы болсын сіздерге

Менен қалған мынау Еділ жұрт !

Бұл жыр шумақтары арқылы туған жерінен еріксіз үдере көшіп бара жатқан , туған жұртынан айырылып , шарасыздан туған өлкесін тастап кетіп бара жатқан ел көрінісін көреміз .

Қорытындылай келе, Қазтуған жыраудың толғаулары көлемі жагынан болғанымен , ішкі мазмұны жағынан толғау өзге бір қырынан рухани құнды, ер жігіттерді өз елі мен жерін сүйіп , қорғауға үйретеді , халық алдында өз борыштарын орындап , жігерлі , намысшыл болуга үгіттейді . Жырау толгаулары келешек ұрпақ тәрбиесіне үлкен септігін тигізеді . Қазтуған шығармаларында жамандықтың көріністерінен гөрі әлеуметтік – сыни тұрғыда қалыптасқан моральдік үрдістер басым .

Данат ЖАНАТАЕВ, ф.ғ.к., Әл-Фараби атындағы

ҚазҰУ ф.ғ.к.,  доценті,

Мадиярбек Үміт,

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының магистранты

 

Таңдаулы материалдар

Close