Basty bet
Дау екі тараптың пайдасына шешілді
Жуалы аудандық сотында құны 900 000 теңге көлеміндегі қарызды өндіру туралы дау билердің қатысуымен шешілді.
Даудың негізгі себебі 2020 жылдың қыркүйек айында жауапкер А. талап қоюшы К.-ден 900 000 теңге қарыз алып, үш айдың ішінде қайтаруға келісіп, ол бойынша қолхат берген болатын. Алайда, жауапкер А. шартты орындамай уақтылы қарыз сомасын қайтармай, телефон қоңырауына жауап бермей, жалтарып жүрген. Содан кейін талап қоюшының сотқа жүгінуден басқа жолы болмады.
Өзінің талап арызында К. соттан жауапкерден 900 000 теңге қарызды және 9 000 теңге мемлекеттік бажды өндіріп беруді сұрады. Талап арызды өндіріске қабылдау барысындағы бітімгершілік үрдістерін жүргізу кезінде талап қоюшы К. және жауапкер А. медиация тәртібінде бітімгершілік келісімге келіп, бірінші сот отырысында тараптар бітімгершілік жетістігіне жетті.
Тараптарды бітімгершілікке және өзара ұтылмайтындай қолайлы шешімге келуге шақырып, дауды шешуде Жуалы ауданы билер кеңесінің мүшесі Т. делдалдық көрсеткен.
Сот дауды медиация тәртібімен реттеу келісімін бекітіп, жауапкер А. талап қоюшы К. 900 000 теңге қарыз сомасын қайтаруға міндеттенді, талап қоюшы өз кезегінде талап арызынан бас тартты. 9 000 теңге мемлекеттік баж бюджетке қайтарылды.
Нәтижесінде, жанжал екі тараптың пайдасына шешілді.
Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»