Basty bet
ТӘУЕЛСІЗДІК АЙШЫҚТАРЫ
Мемлекеттік рәміздер – еліміздің дербестігі мен тәуелсіздігін күллі әлемге жария етуші, әрі мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі, сонымен қатар халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді. Мектеп оқушыларын отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Гимнін қастерлеуге тәрбиелеу мақсатында мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Мұбарақ жұмыс жоспарын құрып, жұмыс атқаруда.
Жұмыс жоспарына сәйкес қазан айында мектеп кітапханашысы Қ.Сабырова «Мемлекеттік Рәміздер», «Мемлекеттік Рәміздер – Тәуелсіздік белгілері» атты кітап көрмесі мен бұрыштар ұйымдастырды. Аталған іс-шараға 1-11 сынып оқушылары толық қамтылды. Көрме түрлі мемлекеттік нышандарға толы ақпараттармен толығып, оқушыларға берері мол болды.
Қараша айында 5-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері П.Жанысбаева мен Ж.Алтынбекованы «Мен өз елімнің патриотымын» атты эссе байқауын өткізді. Жалпы іс-шараға 45 оқушы қатысты. Оқушылар Гимн, Елтаңба, Мемлекеттік Ту авторларымен мақтанатындықтарын жеткізді. Олардың түр-тұспатына анықтама беріп, өзге елдердің нышандарынан ерекшеленетін тұстарын атап кеткен. Көшпенді халықтың нышандарымен мақтанатындықтарын айтты.
Осы айда директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Мұбарақ «Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш етуші» атты 5-7 сыныптар арасында дөңгелек үстел өткізді. Тақырып аясында оқылған баяндамадан соң оқушылар өзара ойларын еркін жеткізе білді. Туған жер киелі ұғымды әр қазақстандық құрмет тұтуға, оны қастерлеуге міндетті екенін ұмытпау, тәуелсіздігіміздің нышандары осы Рәміздерімізді құрметтеу әрқайсымыздың міндетіміз екені түсіндірілді.
Желтоқсан айында мектебімізде тарих пәнінің мұғалімі А.Арыстанова «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының сипаттамасы» атты 7-10 сыныптар арасында әңгіме-дәріс өткізді. Өтілген әңгіме-дәрістің мақсаты – оқушылардың мемлекетіміздің нышандарының мәні мен тарихы туралы түсініктерін тереңдету, өз елін, жерін, өз Отанын, ана тілін, Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылар мемлекеттік Елтаңбамызға енгізілген өзгерістермен танысып, қолдайтындықтарын жеткізді. Әңгіме дәріс қойылған мақсат-міндеттеріне жетіп, «жақсы» деңгейде өтті деп бағаланды.
Қорыта келе, еліміздің ежелден аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізіп, қазақ ұлтының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының қайта жаңғыруы, мемлекеттік рәміздердің бекітілуі болашақ дамуға бет алған егемен еліміз үшін ерекше құбылыс. Сондықтан мемлекеттік рәміздерді қастерлеу азаматтарымыз үшін басты міндет болып табылуы тиісті. Сондай-ақ ұлтаралық татулық пен бейбітшілікті насихаттау жолында және мемлекетіміздің әлемдік деңгейде танылып, өзіне тән белгілерімен дамыған елдер қатарынан орын алуы үшін төл нышандарымыздың атқаратын қызметі айрықша.
Нұрбек Әбілханұлы,
№17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары