Basty bet

«Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» туралы

Жуалы ауданының ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсетіледі.
Әлеуметтік қолдау тәртібі және мөлшері Жуалы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 23 қазандағы №52-5 шешімімен бекітілген. Әлеуметтік қолдауды уәкілетті орган «Жуалы ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырады. Әлеуметтік көмек мемлекеттік ұйымдардың бірінші басшылары бекіткен жиынтық тізімдердің негізінде тағайындалады және екінші деңгейдегі банктер немесе банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиялары бар ұйымдар арқылы мамандардың дербес шоттарына аудару жолымен жүзеге асырылады.
Мамандарға әлеуметтік қолдау жылына бір рет бюджет қаражаты есебінен 4АЕК (айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде көрсетіледі. 2022 жылы аудан бойынша 3 340 маманға 40 926 ,0 мың теңге тағайындалып төленді. Ал 2023 жылға жергілікті бюджеттен 3 340 маманға 57000,0 мың теңге қаралып отыр. Осы қаралған қаржы шегінде төлеу жұмыстары әр сала бойынша қабылданған тізімдерге сәйкес қыркүйек айынан бастап жүргізіледі.

Айнұр Ұлтарақова,
аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімнің бухгалтерлік есеп және экономикалық сараптау секторының меңгерушісі

Таңдаулы материалдар

Close