Basty bet

ТҮЛЕКТЕРГЕ АЛҒЫСЫМЫЗ ШЕКСІЗ!

Өткен аптада Жамбыл облысы әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен «Жомарт түлек – 2021» атты форум өтті. Ауқымды шараға сан салада еңбек етіп, ел дамуына өлшеусіз үлес қосқан Әулиеата тумалары қатысты. Айтулы шара текті топырақтан түлеп ұшып, өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа насихаттау үшін ұйымдастырылды.
Форумға онлайн форматта Жуалы ауданы әкімі Нарбай Ергебеков, аудандық білім бөлімінің басшысы НазиляТұрмаханбетова мен білім мекеме басшылары және ауыл әкімдері қатысты,
Форумда ауданымыздан шыққан танымал түлектер А.Миразова, Б.Ертаев игі тілектерін білдірді. Сонымен қатар қазіргі таңда Сингапурда абыройлы еңбек етіп жүрген жерлесіміз Т.Тұрымбаев онлайн байланыс арқылы туған өлкеге ізгі лебізін жеткізді.
Мектеп бітірген түлектердің туған жерінде, білім алған мектептеріне, сабақ берген ұстаздарына құрмет көрсетуге шақыру мақсатындағы «Jambyl-tylek.kz» сайтының жұмысы туралы айтылды. Аталған сайтқа ауданымыздың білім мекемелерінен 6295 түлек тіркелген.
«Жомарт түлек» акциясы бойынша білім мекемелерінде атап айтатын болсақ, №7 Т.Әкімов атындағы орта мектептің түлегі М.Абдукаримов мектепті безендіруге үлкен үлес қосса, №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияны 1992 жылы бітірген түлектері Ерұлан Мағзымбеков, Айдын Досыбаева, Венера Затыбекқызы, Нұркен Беков, Жамалбек Иманалиев, Данияр Абдрахов түлектеріміз мектебіне «Рәміздер бұрышын» табыс етті және №17 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті 2004 жылы бітірген түлектері Әділбек Оспанбаев, Хамит Мазбаев, Алихан Мірсейітов, Әсел Жапарова, 2011 жылғы Нұрбек Мұбарақ, Әлішер Әмзеев, Мағжан Боранбай, Майра Дүйсеналы, Маржан Затыбекова теннис үстелін және мектеп фойесін безендірді, №11 Т.Тастандиев атындағы орта мектепті 1994 жылы бітірген, Арман Жарылқасынов «Рәміздер бұрышын» орнатып берсе, №13 А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің түлектері Ғабит Өтегенов, Әділет Сыздықбаев, Ерлан Рақышев, Есен Берікбаев, Ботагөз Тұралиева, Айдар Жетпісбаев, Радмир Орманалиев, Қалижан Сұлтанов, Ерік Орманалиев мектепті түгелдей безендірді. Мұндай ұрпаққа үлгі болатын істер мектептің өнегелі ұстаздарының тәрбиесі мен жоғары білімінің жетістігі деп айтуға болады.
Басқосу соңында, облыс әкімі түлектерге алғыс білдіріп “Жомарт түлек” сыйлығымен марапаттады.
Қазақтың тұңғыш саяси партиясының ұйымдастырушысы және Алашорда үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханов атамыз «Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» – деген болатын. Сіздердің қоғамға қосқан үлестеріңіз, жас мемлекетіміздің аяғына тұрып, егемендігін өрге сүйреген уақыттағы ерекше еңбектеріңіз бен қайраткерлік әрекеттеріңіз – білім мекемелері үшін және аудан үшін зор мақтаныш. Еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында болғандықтан, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту біздің басты міндетіміз деп білетін игі жақсыларға, яғни түлектерімізге алғысымыз шексіз!

Жамбыл облысы әкімдігінің
білім басқармасының
Жуалы аудандық білім бөлімі

Таңдаулы материалдар

Close