Basty bet

Алаяқтарға алданып қалмаңыз …

Жуалы ауданының прокуратурасы Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңының 32-бабына сәйкес келесі заң талаптарын түсіндіреді.
Соңғы уақытта алаяқтық қылмысы белең алуда. Бұл ретте қылмыскерлер жәбірленушілерді алдаудың неше түрлі әдістерін пайдалануда. Яғни, «QIWI кошелек», «Ғаламтор желісі», «Қаржылық пирамида» арқылы ақшалай қаражаттарын, үй, пәтер, автокөліктерін, сондай-ақ түрлі материалдық құндылықтарын сенімдеріне кіріп, алдап, иемденуде.
Банктен, өзге де қаржылай қолдау қорларынан несие, мемлекеттен әлеуметтік жәрдемақы, субсидия т.б. қаржылық көмек алып беремін немесе «сондай қаражат бөлінді, оны алу үшін белгілі бір соманы аударуыңыз қажет» деп азаматтардың ақшасын алдап, сан соқтыру жайттары да жиілеуде.
Сондай-ақ, «Колеса.кз», «ОLX» тағы да басқа жарнамалық сайттарда автокөлік, мүліктер, тауарлар және т.б. заттар сату, сатып алу туралы жалған жарнамалар жариялап, азаматтарды алдап, қаражаттарын «Каспий голд», т.б. есепшоттарға аудартып, қаражаттарын иемдену жайттары белең алуда.
Жәбірленушілердің барлығы өздерінің сенгіштігі, қаражатты оңай жолмен табу жөніндегі қате үміті мен заңнама талаптарын сауатсыздық салдарынан толық ұғынбауы салдарынан алаяқтарға жем болуда.
Ұрлық, соның ішінде мал ұрлығы қылмыстары жыл сайын азайғанымен, әлі де жалғасуда. Азаматтардың төрт түлік малдарын жайылымға бақылаусыз жіберуі, яғни жауапсыздықпен қарауы, қылмыскерлердің ұрлық жасауын оңайлатуда.
Белгілі бір келісім-шарт жасамау, қолхат алмау, қандай да бір қызмет ұсынушының құжаттарын тексермеу, анықтамау, өз кезегінде алаяқтық, сеніп таспсырылған мүлікті жымқыру және ұрлау қылмыстарының жасалуын жеңілдетеді.
Сондықтан, «QIWI кошелек», «Ғаламтор желісі», «Қаржылық пирамида» арқылы қызмет ұсынушыларға, ұялы телефонмен хабарласып, мемлекеттік мекемелер не банктер атын жамылып, қызмет, қаражат ұсынатындарға өте сақтықпен қарау, ешқандай қаражат аудармау, міндетті түрде тиісті рұқсат, қызмет ету құжаттарын тиісті мемлекеттік органдар арқылы тексеру қажеттігі ескертіледі.
Сонымен бірге, жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарды жасаған адамдар Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-бабы, 188-1 бабымен және 189 және 190-баптарымен қылмыстық жауаптылыққа тартылады.

Жуалы ауданының прокуратурасы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close