Basty bet

Абай күніне арналды

Абай мұрасы – қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Ұлы даланың Ұлы есімдері» арнайы жобасы аясында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және 10 тамыз – Абай күніне орай аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен онлайн жүйеде «Абай оқулары» ұйымдастырылуда.
Атап айтқанда, Ұлы ақынның даналығын, рухани асыл мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айту мақсатында Теріс ауылдық кітапхананың тұрақты оқырмандары Молдабай Нұрислам, Нұржанқызы Жансезім «Абай жаққан бір сәуле», Қосбөлтек ауылдық кітапханасының тұрақты оқырмандары Асан Аяулым, Базарбек Альмира «Абайды оқы, таңырқа» атты онлайн оқуларға қатысты. Ал, аудандық орталық кітапхана қызметкерлері Ш.Каниева, Ж.Сейдалиева, Ж.Өмірбекова, А.Біттібай, Б.Оразова, Н.Нұрманалиева, Ж.Абдешова, М.Бақтиярова, З.Сармантаева, А.Ембердиева, Бәйтерек ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Алтайбекова, Ертай ауылдық кітапханасының кітапханашысы Г.Жанысбекова, Қоңыртөбе ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Айтбаева, Кәріқорған ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Жаңабаева, Сұрым ауылдық модельді кітапханасының кітапханашысы Ж.Мірсейітова, Бақалы ауылдық кітапханасының кітапханашысы К.Ережепова, Қарасаз ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Темірбекова, Рысбек батыр ауылдық кітапханасының кітапханашысы Ғ.Тәжібаева, Шыңбұлақ ауылдық кітапханасының кітапханашысы Э.Құралбаева, Шақпақата ауылдық кітапханасының кітапханашысы А.Айтбекова онлайн-оқулар ұйымдастырды.
Аудандық орталық кітапхананың «Білім» орталығында «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашылар Н.Серкебаева мен М.Темірбаева шолу жасап «Facebook», «Instagram» әлеуметттік желілердегі парақшаларға жүктеді.
***
Ақынның мол мұрасын оқушылар арасында кеңінен насихаттау мақсатында аудан әкімдігі білім бөлімінде Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай жылдық жоспары бекітілген. Білім бөлімінің әдіскері Б.Полатованың ұйымдастыруымен аумақтық, аудандық «Абай – дана, Абай – дара қазақта!» атты байқаулар өтті. Сонымен қатар, қашықтан оқу жүйесі барысында «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» атты онлайн мәнерлеп оқу байқауы өткізіліп, «Ұлылардың ұлысы – Абай» атты онлайн эссе жазу байқауы ұйымдастырылды.
***
10 тамыз – Абай күніне орай Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығымен аудандық тілдерді оқыту бөлімшесі бірлесіп «Жүрегіңнің түбіне терең бойла…» атты өзге этнос өкілдері арасында онлайн поэзия кеші өтті. Кешке ауданымыздағы әзірбайжан ұлтының өкілі Сабина Джафарзаде Zoom қосымшасы арқылы байланысқа шығып, «Күз» өлеңін оқыды.
**
10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай Жуалы аудандық халық шығармашылығы және мәдени демалыс орталығына қарасты ауылдық мәдениет үйлері мен клубтарында онлайн іс-шаралар өтті. «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» көркемсөз оқу шеберлерінің байқауын, «Дархан халықтың – дана Абайы» атты көркем сөз шеберлерінің арасында байқауын, «Абай мұрасы – халық ұлағаты» атты көркем сөз оқуын, «Әсемпаз болма әрнеге» көркем сөз оқуын, «Құлақтан кіріп бойды алар» атты онлайн әдеби сазды кешін, «Әлемге танылған ұлы Абай» тақырыбында Абайдың қара сөзі мен шығармаларын онлайн оқуды, «Абай –ұлылықтың шамшырағы» атты «Қызғалдақ» ән би ансамблінің концерттік бағдарламасын, «Асқақ тұлға ұлы Абай», «Абай – дара, Абай – дана», «Қазақтың ұлы-Абайы», «Екі Абай тумайды», «Абай мұрасы адамзаттың тарих тұлғасы», «Жүректе қайрат болмаса», «Жігіттер, ойын – арзан, күлкі – қымбат», «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап», «Талаптың мініп тұлпарын», «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес» тақырыптарында көркемсөз оқу шаралары өтіп, көпшілік назарына ұсынылды.
***
Аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен 10 тамыз – Абай күніне орай «Абай өлеңдері әлем елдерінде» атты ақынның өлеңдерін оқу челленджі ұйымдастырылды.

Айгүл ҚАЛЫМХАНҚЫЗЫ,
«Jańa ómir»

Таңдаулы материалдар

Close