Basty bet

Аудан активінің жиналысы

Сейсенбі күні Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың қатысуымен аудан активінің жиналысы өтті. Бердібек Машбекұлы ауданның жаңа әкімі Олжас Қаржауовты аудан активіне таныстырды.
Облыс әкімі Нарбай Әбілқасымұлының ауданның дамуы жолында сіңірген еңбегі үшін алғысын білдіріп, ауданның жаңа әкіміне аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы, заңдылық пен тәртіпті нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеді. Яғни, аграрлы әрі табиғаты тамаша Жуалы ауданының бар мүмкіндігін пайланып, әсіресе ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, туризм саласын дамытуды тапсырды. Сонымен бірге Олжас Есалханұлына тұрғындардың сұрақтары мен шағымдарына уақтылы жауап беру, тағы да басқа мәселелер бойынша жүйелі жұмыс істеу тапсырылды. Бердібек Машбекұлы сондай-ақ аудан активін елдің ынтымақ-бірлігі, ауданның дамуы жолында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.
Өз кезегінде Нарбай Әбілқасымұлы ауданның дамуы жолында аянбағанын жеткізіп, Олжас Есалханұлының жұмысына сәттілік тіледі.
Сөз кезегін алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Естемес Аманбеков Нарбай Әбілқасымұлына аудан жұртшылығының атынан алғысын білдіріп, жас басшы Олжас Қаржауовтың қызметіне сәттілік тіледі.

“Жаңа өмір”-ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close