Basty bet

Құқықтық түсіндірме жұмыстары өрістетіледі

Аудан аумағында алаяқтық, соның ішінде ғаламтор арқылы алаяқтық қылмыстары өрши түсуде. Сонымен бірге, мал ұрлығы, адам саудасы қылмыстары да өзекті күйінде қалуда.
Аталған жағдайды түзету үшін және аудан тұрғындарын алаяқтардан арашалау мақсатында аудан прокуратурасы ауданның жергілікті мемлекеттік атқару органдарына және ауданның полиция бөліміне интернет алаяқтыққа назар аударып, мына бағытта құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынады:
– жадынамалар, билборд, буклеттер әзірлеу және оларды адамдар көп жиналатын жерлерде орналастыру;
– базарларда, сауда орталықтарында және т.б. орындарда алаяқтықтан сақтандыратын дыбыстық хабарламаларды ұйымдастыру;
– алаяқтықтың алдын алу туралы жергілікті «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінде мақала, «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде жарияланымдар және бейнероликтер орналастыруды, сондай-ақ LED экрандарда (аудандық аурухана және ХҚО орналасқан) көрсету;
Сонымен бірге, алаяқтық пен адам саудасынан қорғау мақсатында түсірілген бейнежазбаларды, барлық ауылдық әкімдіктерге жолдап, оларды қоғамдық орындарда, дүкендер, орталық базар, мемлекеттік мекемелер, банктер, LED-экрандарда, «Қазпочта» АҚ аудандық почта байланысы торабының ғимараттарында адамдарға көрінетін орындарында орнатуды сұраймын.
Әдетте, төрт түлік малдың өрісте, жайылымда қараусыз қалдырылуы салдарынан ұрланатыны белгілі. Ұрлықтың ізін суытпай ашуға, кей жағдайда, иелерінің бірнеше күн өздері іздеп, уақыт өткізіп барып, полиция бөліміне хабарлауы да кедергі келтіреді.
Бұл орайда, мал ұрлығының алдын алу мақсатында ауыл әкімдерінің аудан тұрғындарына, шаруа қожалықтары иелеріне, малдарды өрісте немесе жайылымда қараусыз қалдырмау, қоражайды қоршау, құлыптау, түнгі уақытта тексеріп тұру, шаруа қожалықтарына малшылармен материалдық жауапкершілік туралы шарт жасау, сондай-ақ, жалдамалы малшыларға тұрғындардан алған жалақыдан бөлек, оларды «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы қосымша жалақы алу бағдарламасына енгізу, аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінде, «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде жарияланымдар және бейнероликтер орналастыру қажеттігін, сондай-ақ LED экрандарда көрсету арқылы түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсыруды ұсынамын.
Мұндай түсіндірме шаралары жұртшылықтың өз меншіктеріне ұқыптылықпен қарауға жауаптылығын арттырып, ұрлықтың азаюына септігін тигізеді деген сенімдеміз.

Бауыржан ЖАНҰЗАҚҰЛЫ,
аудан прокуроры

Таңдаулы материалдар

Close