Basty bet
Тәуелсіздік – тарихымның діңгегі!
Тарих тағылымына ілінген халықтың басты арманы – Тәуелсіздік деген ұғым. Бұл сөзде үлкен мағына мен арманның бастау бұлағы жатыр. Қалам қанжығасынан шыққанда, дана ой ақ қағазға түседі. Халықтың бір күндік өмірі – бір тарихта қалатын үлкен дастан. Дала даналары бүгінде тәуелсіздікке жетуімізге үлкен алтын көпірді салды. Оған дәлел ретінде, осы Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен бірге Ы.Алтынсариннің 180 жылдығы, М.Мақатаевтың 90 жылдығы, Ж.Жабаевтың 175 жылдығы қатар келіп, ел мерейін үстем етуде.
Аудандағы №15 мектеп-лицейіндегі білім қоржынын арқалаған жас буындарға ақын шығармаларын тек оқытып қана қоймай, олардың шығармаларымен сусындатып, жүрек түкпірінен орын алуға атсалысудамыз. Мектепте тәрбие сағаттар, сыныптан тыс іс-шаралар, сондай-ақ, 3 «ә» сыныбымен «Тәуелсіздік – тарихымның діңгегі» атты тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шараға директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мақпал Қосарова қатысып, өз ой-пікірін ортаға салды. Тәрбие сағатында балаларға тәуелсіздік ұғымы туралы кеңінен мәлімет беріліп, оны бағалау мен қастерлеу керектігі айтылды. Оқушылар да өз ойларын ортаға салып, белсенділік танытты. Сонымен қатар, мектеп кітапханашысы Еркегүл Ілиясова «Ерінбей оқы, кітапты!» атты акция өткізді.
Не істесек те, бәрін ел ертеңі жас ұрпақ үшін жасаймыз.
Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біз шынайы бақытты жандармыз. Осы еркіндікті баянды ету – біздің басты парызымыз.
Әсем Мақтабаева,
№15 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі