Qoǵam

Қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтар тыныштығы – басым міндет

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа Жолдауында құқық қорғау органдарының қызметіне зор маңыз берілген. Жылдың бас құжатында бұл туралы «Заң үстемдігі орнықпаса және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды. Азаматтар мүддесіне қызмет ететін мемлекеттің жаңа стандарттарын әзірлеу үшін көп жұмыс атқаруымыз керек. Осы тұрғыда құқық қорғау және сот жүйелеріне негізгі рөл жүктеледі. Бұл салаға реформа аса қажет.

Еліміздегі бүгінгі ахуалға орай азаматтардың сұраныстарына ықылас танытуға тиіс құқық қорғау органдарының алдына жаңа талаптар қойылуда» делінген.
Осы ретте Жуалы ауданының полиция бөлімінің жеке құрамы тарапынан аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу, ескерту, қоғамдық қауіпсіздік пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылып отыр.
Жуалы ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен аудан аумағында көшелер мен қоғамдық орындарда жасалатын қылмыстардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында жеке құраммен алдын алу жұмыстары ұйымдастырылуда. Учаскелік полиция инспекторлары, ювеналдық полиция тобының инспекторлары көшелерде патруль бағыттарында күндізгі және түнгі уақытта автопатрульдеу және жаяу патрульдеу атқаруда.
Жүргізілген алдын алу жұмыстарының нәтижесінде аудан аумағында жалпы 149 (2019 ж. 192) қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, жалпы қылмыс 22,4 пайызға төмендеді. Қылмыстардың жалпы ашылу пайызы 80,8 % құрады (2019 ж. 60,2%).
Алдыңғы жылмен салыстырғанда қоғамдық орындарда қылмыстар 20 (2019 ж. 24) 16,7 пайызға, көшелерде жасалған қылмыстар 12 (2019ж. 15) 20,0 пайызға, ал жасөспірімдермен жасалған – 3 (2019 ж. 4) -25,0 пайызға төмендеді. Сонымен бірге бұрын сотты болғандармен жеті (2019ж. 51) -86,3 пайызға, мас күйде жасалған қылмыстар саны 12 (2019ж.29) 58,6 пайызға, топ болып жасалған 7 (2019 ж. 23) – 69,6 пайызға төмендеген.
Отбасы-тұрмыстық саладағы қылмыстар саны біреу, алдыңғы жылмен салыстырғанда өзгеріссіз (2019 ж. 1) қалды.
Есепте тұратын тұлғалар тарапынан қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында олармен алдыналу жұмыстары жүргізіліп отырды. Ағымдағы жылдың 12 айында есепте, ішімдікке салынғандар – 53, есірткіге әуес азаматтар – 14, бұрын сотты болған- 2, жүйке ауруымен ауыратындар- 10, мерзімінен бұрын шартты түрде босанғандар- 8, қорғау нұсқамасы шығарылғандар- 174, сотпен ерекше талап қойылғандар- 15, шартты түрде сотталғандар – 66, әкімшілік қадағалауға жататындар – 4 азамат, жасөспірімдер – 38 есепке алынған.
Аудандық полиция бөлімінің жеке құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдыналу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Жол- көлік оқиғалары орын алған аймақтар жолдың қауіпті аймақтары саналып, мұндай аймақтарға тәулік бойы автопатрульдеу қойылды. Жеке құрамның қызметі өрескел жол ережесін бұзған деректерді анықтау, оның ішінде мас күйде автокөлікті басқару, қарама- қарсы бағытқа шығып кету, авариялық ахуал туғызу, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кету және т.б. деректерді анықтауға бағытталып отырды. Ағымдағы жылдың 12 айында «Адамдардың жарақаттануына және қаза болуларына әкелген 56 жол-көлік оқиғалары» тіркеліп, 15 азамат қайтыс болған, 112 азамат жарақат алған. (2019ж. 59 жол-көлік оқиғалары тіркеліп, 18 азамат қайтыс болған, 127 азамат жарақат алған).
Есепті кезеңде Жуалы АПБ-нің жеке құрамымен жалпы 4235 әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама толтырылды. (2019 ж. 4133 хаттама).
Жуалы ауданының полиция бөлімінің жеке құрамымен ағымдағы жылдың басынан аудан аумағында «Құқықтық тәртіп», «Қауіпсіз жол», «Тұрмыс», «Қауіпсіз Мектеп», «Шартты», «Есеп» жедел алдыналу іс-шаралары өткізіліп, қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал етіп, өз нәтижелерін беріп отырды.
Орын алған қылмыстар мен жол-көлік оқиғаларына талдау жасалып, мұндай аймақтарда барлық жеке құрамды тарта отырып, локалдық жедел алдын алу іс-шаралары жүргізілді. Іс-шаралар барысында жеке құрамның қызметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашуға бағытталды.
Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар бойынша түскен шағым-арыздар, хабарламалар бойынша учаскелік полиция инспекторлары оқиға орындарына жедел шығып, тиісті шара қабылдап отырды. Ағымдағы жылдың екі айында отбасы-тұрмыстық қатынастар аясында бұзақылық жасаған төрт азаматқа қатысты әкімшілік іс қозғалып, соттың қарауына жолданды. Басқа да хабарламалармен қоса жалпы 38 азаматқа қатысты қорғау нұсқамалары шығарылып, есепке қойылды. (2020 ж. 38). Есепке қойылған бұл азаматтар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, алдын алу жұмыстары жүргізіліп отыр. Отбасында өрескел құқық бұзушылық жасаған үш азаматқа (2019ж. 1) сотпен ерекше талап қойылды. Есепке қойылған бұл азаматтар тұрғылықты мекенжайлары бойынша тексеріліп, алдын алу жұмыстары жүргізіліп отырды.
Есепте тұратын тұлғалар тарапынан қылмыс пен басқа да құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында олармен алдыналу жұмыстары жүргізіліп отырды. Ағымдағы жылдың осы уақыты аралығында ішімдікке салынғандар – 28 (2020ж.24), есірткіге әуес азаматтар- 15 (2020ж.11), бұрын сотты болған- 2 (2020 ж.1), мерзімінен бұрын шартты түрде босанғандар- 0 (2020ж.1), қорғау нұсқамасы шығарылғандар – 38 (2020ж 38), сотпен ерекше талап қойылғандар- 3 (2020ж.1), шартты түрде сотталғандар- 10 (2020ж.7), әкімшілік қадағалауға жататындар – 0 (2020ж.1) азамат, жасөспірімдер- 2 (2020ж.12).
Жергілікті полиция қызметі жеке құрамымен жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылып отырды. Жол- көлік оқиғалары орын алған аймақтар жолдың қауіпті аймақтары саналып, мұндай аймақтарға тәулік бойы автопатрульдеу қойылды. Жеке құрамның қызметі өрескел жол ережесін бұзған деректерді анықтау, оның ішінде мас күйде автокөлікті басқару, қарама- қарсы бағытқа шығып кету, авариялық ахуал туғызу, бағдаршамның тыйым салынған белгісінен өтіп кету және т.б. деректерді анықтауға бағытталып отырды.
Ағымдағы жылдың екі айында «Адамдардың жарақаттануына және қаза болуларына әкелген 7 (2020ж 6) жол-көлік оқиғалары» тіркеліп, қайтыс болғандар жоқ (2020ж-1), азамат жарақат алғандар 13 (2020ж-14).
Жалпы анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтар 761 (2020ж. 442) дерек, оның ішінде «мүлдем төзбеушілік» қағидаты бойынша 313 (2020 ж. 183) әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Өрескел құқық бұзушылықтарға тоқтала кетсек, қоғамдық орында мас күйде жүру 32 ( 2020 ж.15) дерек, ұсақ бұзақылық 32 (2020ж. 15) дерек, автокөлікті мас күйде басқарғандар 6 (2020ж. 2) дерек және т.б. әкімшілік құқық бұзушылықтар.
Ағымдағы жылдың 2 айында жалпы 761 әкімшілік құқық бұзушылық хаттама толтырылды.
Аудан көлемінде қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ҚРІІМ-нің «Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда.
Халық арасында азаматтармен сенімді тығыз қарым-қатынас орнату, сондай-ақ қызмет көрсететін әкімшілік учаскелерде қылмыстың алдын-алу, оның ішінде бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдыналу мақсатында Учаскелік полиция инспекторларымен қызмет көрсететін әкімшілік аумақтарын аралап бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын-алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп келеді. Және де учаскелік полиция инспекторларымен өткізілген тоқсандық есеп беру жиындарында тұрғындарға бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдыналу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғындарға үйлерін, малдарын қараусыз қалдырмау, малдарына сақ болу, бөгде адамдарға малдарын сеніп тапсыруға болмайтыны, орын алған мал ұрлықтары мен пәтер ұрлықтары қараусыз қалу себептерінен орын алып отырғаны, осы мақсатта тұрғындарға үй- жайларын және т.б. мүліктерін қараусыз қалдырмау, басқа жаққа кеткен жағдайларда көршілеріне (соседский присмотр) табыстап кету туралы кеңінен түсіндірілуде.
Жамбыл облысы ПД-нің нұсқауына сай Жуалы аудандық полиция бөлімінің УПИ-лерімен, ауылдық округтер әкімдерімен, аудан аумағындағы жеке кәсіпкерлермен бірлесіп, бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарының алдын алу мақсатындағы бірлескен іс-шаралары туралы келісім (меморандум) дайындалды. Шартта келісімнің мақсаты, жеке кәсіпкерлермен шаруа қожалықтарының өз тараптарынан ұрлыққа тосқауыл қою үшін атқаратын іс-шаралары туралы көрсетіліп, аудан аумағындағы шаруа қожалықтарының иелеріне, жеке кәсіпкерлерге таратылды. Іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторларымен аула аралау, шаруа қожалықтарын, мал қыстауларын аралау жұмыстары жүргізіліп отырды. «Мал ұрлығына тосқауыл қояйық», «Жарамсыз қоралар» тақырыптарында ескертпелер дайындалып, тұрғындарға таратылды.
Жуалы аудандық ветеринария қызметкерлерімен бірлесіп мал ұрлығының алдын алу және қылмыстық жолмен табылған малдарды анықтау мақсатында бірлесіп аптаның жексенбі күндері «Саду» мал базарында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Елді мекендерде малдарды жеке басы анықталған ауыл тұрғындарына келісімшарт арқылы бақтырылуына ықпал ету мақсатында ауылдық әкімдерге ұсыныстар жолданды.

Дәурен СӘПИЕВ,
Жуалы ауданы полиция бөлімінің бастығы,
полиция полковнигі

Таңдаулы материалдар

Close