Qoǵam
Бір сынып – бір кабинет
Жуалы ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелері Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 68 қаулысына (Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 2021 жылғы 25 наурыздағы № 12 «Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» өзгерістер мен толықтырулар енгізілген қаулысы) сәйкес аудандағы білім мекемелерінде 2020-2021 оқу жылының төртінші тоқсанында мектептер «1 сынып – 1 кабинет» қағидаты бойынша оқыту жүзеге асырылады.
Яғни, ауданда оқу жылының басынан қашықтан оқытып келген тоғыз білім мекемесінде 2021 жылдың 01 сәуірінен бастап пәндердің 70%-ын штаттық режимде, 30%-ын қашықтан аралас форматта оқытылады.
Мектептер аралас форматта оқытуды ұйымдастыру кезіндегі талаптарға сай, сабақтар арасындағы үзілістерді әр сынып үшін әр уақытта ұйымдастырумен қатар, сабақтан кейінгі желдету, кварцтау және дезинфекциялау құралдарымен сыныптарды күніне кемінде екі мәрте ылғалды жиыстыру жүргізіледі.
Тағы бір маңызды талап, кабинеттер арасында жүру, мұғалімдер бөлмесіне бару, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізу шектеледі. Сабақтың ұзақтығы 40 минут болып белгіленеді. Білім беру ұйымы әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 15 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуды ұйымдастырады.
Сондай-ақ, оқушылар мектепке мектеп формасын кию міндетті емес, яғни, оқушы өзіне қолайлы, таза әрі ұқыпты киім киюі қажет.
Нәзила ТҰРМАХАНБЕТОВА,
Жуалы ауданының білім бөлімінің басшысы