Qoǵam

Байқау жеңімпаздары анықталды

№5 Михаил Ломоносов атындағы орта мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мектепішілік «Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы дала елі» тақырыбында презентациялар байқауы өткізілді.
Байқауға әр сыныптың белсенді оқушылары қатысып, өздерінің дайындаған жұмыстарымен бөлісті. Байқау үш деңгейде өтті. Бірінші бастауыш деңгей 3-4 сыныптар аралығында өтіп, қазылардың шешімімен І орынды И.Арғынова, ІІ орынды 4 «ә» сынып оқушысы А.Мұхит, ІІІ орынды 3 «ә» сынып оқушысы А.Батыралы иеленді.
Ал, екінші деңгей орта буын 5-7 сыныптар аралығында өткізіліп, нәтижесінде ІІІ орын 5 «б» Д.Есекей мен 7 «ә» сынып оқушысы Д.Жасанбайға, ІІ орын 6 «а» сынып оқушысы Д.Қуанышбай және 7 «б» сынып оқушысы Ә.Кенжебаеваға, І орын 6 «б» сынып оқушысы Д.Тағайға бұйырды.
Байқаудың үшінші деңгейі жоғарғы буын, яғни 8-10 сыныптар аралығында ұйымдастырылды. Үшінші деңгейдің үшінші жүлделі орнынан 9 «ә» сынып оқушысы Т.Жексенбек және 9 «а» сынып оқушысы Н.Тәжібай, 8 «а» сынып оқушысы М.Жұмағали көрінді. Ал, ІІ орынды Э.Серікбаева және І орынды 8 «ә» сынып оқушысы С.Якыпбаев иеленіп, мектеп директорының дипломдарымен марапатталды.

Камила Итыманова,
№5 М.Ломоносов атындағы орта мектептің ағылшын тілі
пәнінің мұғалімі

Таңдаулы материалдар

Close