Qoǵam

Пайдалы семинар-сабақ

Цифрлық ақпараттық технологиялар қазір ел өміріне белсенді еніп отырғаны белгілі. Мұның халыққа тиімді тұстары көп. Өйткені, электрондық құжат айналымы қағазбастылықты ішінара жойып, архив саласының жұмысын оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Ағымдағы жылдың 15 наурыз күні Жуалы ауданының мемлекеттік архиві 2021 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, жинақтау көзі тізіміне енгізілген мекемелерде «Электронды құжатайналым, электронды құжаттарды қалыптастыру, есепке алу мемлекеттік сақтауға құжаттарды тапсыру тәртібі» бойынша және «Электронды құжаттардың бірыңғай архиві» ақпараттық жүйесі туралы семинар-сабақ өткізді.
Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында өткен семинарға ауылдық округтердің әкімшілік мамандарымен қатар, аудандық әкімдік бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты. Семинар барысында Жуалы ауданының мемлекеттік архивінің архивисі Асхат Әмірәлиев әдістемелік түсіндірме барысында мамандарға нұсқаулықпен қатар электрондық құжат бірыңғай архив ақпараттық жүйесіне логин-парольды қызметкерлерге беру тәртібі жөнінде және «Істер номенклатурасы» бойынша істерді енгізу, тақырып бойынша тағы басқа мәселелер түсіндіріліп, тәжірибе түрінде ақпараттық жүйеге енгізу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Жиын барасында барлық санитарлық талаптар сақталды. Ақпараттық жүйе бойынша жүргізілген жұмыстар мен нәтижелер, яғни, статистикалық есептер, АЖ-ге (ақпараттық жүйе) құжаттарды енгізу журналының үлгісін жасауды, АЖ-ге енгізілген мәліметтерді тіркеу журналының үлгісін жасауды және электронды цифрлы форматқа көшірілген құжаттарды ҚБЭА АЖ-ге енгізу тәртібі және тақырыпқа байланысты өзге де мәселелер талқыланды. Бір сөзбен айтқанда, электрондық құжат айналымына қатысты өткен бұл семинар-сабақ мамандарға пайдалы болды деген сенім бар.

Нұржан МАНАСҰЛЫ,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Close