Basty bet

Аудан басшысы редакцияда болды

Апта басында аудан әкімі Нарбай Ергебеков аудандық «Жаңа өмір»-«Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің редакциясына келіп, газет ұжымын өткен төл мерекелерімен құттықтады.
Құттықтауға сонымен бірге аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Марат Нарымбеков пен қаржы бөлімінің басшысы Қуаныш Ғалиұлы да келді.
Аудан басшысы 85 жылдық тарихы бар газеттің аудан өмірі мен тарихындағы орны мен рөлі жайлы айта келіп, ұжым мүшелеріне шығармашылық табыс, дендеріне саулық, отбасыларына амандық тіледі. Газет редакторы Берік Жұмабайұлына түрлі түсті принтер тапсырды.
Арнайы құттықтауға келген аудан басшысы редакция кабинеттерін аралап көріп, жағдайымен, тыныс-тіршілігімен танысты. Редакцияға бүгінгі таңда аса қажетті құрал-жабдықтар, орын алып отырған жағдайлар бойынша Марат Аманғалиұлы мен Қуаныш Ғалиұлына мәселені жан-жақты қарастырып, мүмкіндігінше көмектесуді тапсырды.

«Жаңа өмір» – ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close