Basty bet

Тағайындау

«Nur Otan» партиясы Орталық аппараты басшысының келісімімен, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының 10 маусым 2021 жылғы №87jk бұйрығымен Нарбай Әбілқасымұлы Ергебеков «Nur Otan» партиясының Жуалы аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Ергебеков
Нарбай Әбілқасымұлы
1963 жылы туған. Білімі жоғары. 1987 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын «гидромелиорация», 2002 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «Жерге орналастыру және жер ресурстарын басқару» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1987 жылы Жуалы ауданындағы Ақсай су шаруашылық басқармасының инженері болып бастаған. Ақсай су шаруашылық басқармасының бастығы, Жуалы аудандық жер инспекциясының инспекторы, бастығы, Жуалы ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі бастығының орынбасары, Жуалы ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған. 2009 жылдың наурызынан бастап Жуалы ауданы әкімінің орынбасары, 2019-2021 жылдар аралығында Жуалы ауданының әкімі қызметін атқарып келген.

Таңдаулы материалдар

Close