Basty bet

Журналиске құрмет көрсетті

Аптаның алғашқы күніне тұс келген Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай аудандық соттың төрағасы Бақытжан Мүлкібаев құқық тақырыбында қалам тербеп жүрген аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің аға тілшісі Абылайхан Сәрсенді шақырып, кәсіби мерекемен құттықтап, арнайы сый-сияпат көрсетті.
Бақытжан Ілиясұлы ауданның төл басылымының өңірдің қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі мен маңызына тоқтала келе, сот органының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін редакция ұжымына алғысын білдірді. Қабылдауға келген «Жаңа өмір-Новая жизнь» газетінің аға тілшісі Абылайхан Сәрсенге сотта өткен іс-шараларға белсенді түрде қатысып, сот саласындағы жаңалықтарды баспасөз беттеріне үздіксіз жариялап, соттың баспасөз қызметімен жоғары деңгейде байланыс орната білгені үшін аудандық соттың Құрмет грамотасын табыстады.
Өз кезегінде Абылайхан Сәрсен аудандық соттың төрағасы Бақытжан Ілиясұлына көрсеткен ілтипат-ықыласы үшін ризашылығын білдіре отырып, басылым мен аудандық соттың арасындағы ақпараттық әріптестіктің аясын одан әрі кеңеюіне алдағы уақытта да үлес қоса беретінін жеткізді.
* * *
28 маусым – Бұқаралық ақпарат қызметкерлері күніне орай аудандық «Жаңа өмір-Новая жизнь» қоғамдық-саяси газетінің жауапты хатшы-жарнама менеджері Лаура Мұсабекова «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ Жамбыл облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталды.

“Жаңа өмір”- ақпарат

Таңдаулы материалдар

Close