Basty bet

Терроризм мен экстремизмнің зардаптары

Соңғы он жылдықта бүкіл әлемде терроризм мен экстремизмнің құбылысы, оның нысандары мен көріністері байқалуда. Экстремизм мен терроризм бүгінгі таңда ең өзекті мәселе болып отыр. Ол мемлекеттің тұтастығына, қоғамның бірлігіне қатер төндіріп, зорлық-зомбылықпен, финатизммен, өздерінің принциптерін қорғай алмайтынымен, ымыраға келмеуімен сипатталады. Өзінің қауіпті тәжірибесінде экстремизм мен терроризм тығыз байланыста.
Діни экстремизм мен радикализм – бұл жалпы ортақ проблема. Бұл проблемамен тек кейбір мемлекеттік органдар ғана жұмыс жасайды деп айтуға болмайды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің функционалдық ерекшеліктерінің негізінде өз үлесін қосуы қажет.
Осы орайда аудандық тарихи-өлкетану музейінде «Терроризм мен экстремизмнің зардаптары» атты шара өтті.
Шараға аудандық орталық мешіттің бас имамы Асхат Ақмамбетов, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің экстремизм және терроризм саласы бойынша жедел уәкілі, полиция капитаны Дидар Шәймерден және №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназияның 9 сынып оқушылары қатысты.
Шараның мақсаты – жастарды күнделікті қамқорлық пен тынымсыз еңбекке баулып, адамзаттық болмыстағы, әсіресе, дін саласы сияқты нәзік саладағы құнды бағдарларын түсіндіру. Сонымен қатар, оқушыларға жеке тұлға ретінде қалыптасуына жол ашу.
Жиын барысында орталық мешіттің бас имамы Асхат Ақмамбетов, аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің экстремизм және терроризм саласы бойынша жедел уәкілі, полиция капитаны Дидар Шәймерден оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар беріп, өсиетті сөздерін айтып, оқушылардың қойған сұрақтарына жауап берді.
Экстермизм мен терроризм туралы өлкетану музейінің қор сақтаушысы Мәрия Нұрсұлтанова баяндама оқыды.

Манзура ҚЫРЫҚБАЙ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің экскурсия жүргізушісі

Таңдаулы материалдар

Close