Basty bet

Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылындағы оқу мерзімдері мен демалыс кезеңдерін айқындады

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі 2026–2027 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін, сондай-ақ, орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың демалыс кезеңдерін бекітті.
Жаңа оқу жылы 2026 жылғы 1 қыркүйекте басталып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Бірінші тоқсан 8 оқу аптасына созылады. Күзгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2026 жылғы 26 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді.
Екінші тоқсан да 8 оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 14 күнге созылып, 2026 жылғы 28 желтоқсан мен 2027 жылғы 10 қаңтар аралығында өтеді.
Бірінші сынып оқушылары үшін 2027 жылғы 8–14 ақпан аралығында 7 күндік қосымша демалыс қарастырылған.
Үшінші тоқсан 10 оқу аптасына созылады. Көктемгі демалыс 7 күнге жалғасып, 2027 жылғы 22–28 наурыз аралығында өтеді.
Төртінші тоқсан 8 оқу аптасына созылып, 2027 жылғы 25 мамырда аяқталады.
Сондай-ақ, 9 (10) және 11 (12) сынып түлектерінің қорытынды аттестаттау мерзімдері бекітілді.
Республика бойынша 450 мыңға жуық бала мектепке дайындалуға көмек алды.
2026 жылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін Жалпыға міндетті білім беру қоры аясында әлеуметтік осал санаттағы балаларға мектеп формасын, аяқкиім мен мектеп құралдарын сатып алуға көмек көрсетілді.
2026-2027 оқу жылы қарсаңында 450 мыңға жуық бала қолдау мен қамтылады. Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттерде 23 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған.
Көмектің ең төменгі мөлшері бір балаға 50 851 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға артық.
Жергілікті бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай жекелеген өңірлерде төлем мөлшері жоғары болуы мүмкін.
Көмек жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларға, атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың балаларына, сондай-ақ өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға беріледі. Төлемді алу үшін ата-аналар немесе заңды өкілдер тиісті құжаттарды білім беру ұйымына тапсыруы қажет.
«Адал азамат»: жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының негізгі бағыттары
Оқу-ағарту министрлігі «Адал азамат» бір тұтас тәрбие бағдарламасын іске асыруды жалғастырады. Бағдарлама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» идеясын тәрбие жұмысының өзегіне айналдыруға бағытталған.
Бүгінде мектептегі тәрбие жұмысы жекелеген іс-шаралар меншектелмейді. Оқушының тұлғалық дамуына ықпал ететін тұтас тәрбиелік экожүйе қалыптасуда. Бағдарламаның алғаш рет ведомствоаралық деңгейде іске асырылуы тәрбие мәселесін мектептің ғана емес, мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
2026-2027 оқу жылында оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру мақсатында 5-7-сыныптарға «Конституция негіздері», 8-11-сыныптарға «Заң және тәртіп» оқу курстары енгізіледі. Ал «Жеке қауіпсіздік» курсы балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамытуға және түрлі жағдайда дұрыс шешім қабылдауына бағытталады.
Жаңа Конституция негізінде «Адал азамат» бағдарламасының брендбугі де жаңартылды. Мектеп кеңістігі тәрбие берудің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Баланың қалыптасуына мұғалім мен ата-анамен бірге оны қоршаған білім беру ортасы да ықпал етеді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында «Жасыл мектеп» пилоттық жобасы басталады. Жоба экологиялық білімді оқу үдерісіне кіріктіріп, оқушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруды көздейді.
Осы бастамалар арқылы «Адал азамат» құндылықтары мектеп өмірінің ажырамас бөлігіне айналып, әрбір баланың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптасады.

https://www.gov.kz/

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close