Basty bet
Малшылар фазенда аумағында қару-жарақты заңсыз сақтаған
Жуалы аудандық сотымен ӘҚБтК-нің 590-б. 4-б. (Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері қасақана жалған немесе қолдан жасалған көлік құралын басқару) бойынша О. азаматтарға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2026 жылдың маусым айында Б.Момышұлы ауылының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері ауыл көшелерінің бірін тексеру барысында, жалған мемлекеттік нөмірі бар көлікті тоқтатқан.
Құқық бұзушы азамат О-ның айтуынша, ол аталған көлікті бір жыл бұрын осы нөмірмен сатып алған және бұл нөмірді өзі орнатпаған.
Cот отырысында құқықбұзушы өз кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен азамат О. ӘҚБтК-нің 590-б. 4-б. бойынша кінәлі деп танылып, оған бір тәулікке әкімшілік қамаққа алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот қаулысы заңды күшіне енген.