Qoǵam
Маңызды мәселелер қаралды
Апта басында аудандық мәслихаттың кезекті оныншы сессиясы өтіп, онда күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Сессия жұмысына аудан әкімі Олжас Қаржауов қатысты.
Атап айтқанда, жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асырудың қорытындылары туралы мәселе қаралып, аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы Қадырхан Жарасұлы баяндама жасады. Баяндамаға орай жарыссөзде аудандық мәслихаттың депутаты З.Сұлтанмұратов сөйлеп, баяндалған мәселеге орай өз ой-пікірін білдірсе, депутаттар Р.Сайлаубаев, М.Телеушов жайылымдық жерлерді игеру жөнінде сұрақтар қойды.
Сонымен қатар, Б.Момышұлы ауылы және Көкбастау, Қошқарата, Нұрлыкент ауылдық округтері әкімдерінің өздеріне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы жөнінде есептері тыңдалды.
Келесі кезекте аудан әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы К.Төреқұлов баяндады. «Жуалы ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 19 қарашадағы №74-4 шешіміне өзгерістер енгізу және «2021 жылға арналған Жуалы аудандық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы» Жуалы аудандық мәслихатының 2020 жылғы 23 желтоқсандағы №77-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселелер қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша тұрақты комиссия төрағалары жарыссөзге шығып өз пікірлерімен бөлісті. Сессияның күн тәртібіндегі мәселелер бойынша шешімдер қабылданды. Сессия жұмысының Aitube.kz платформасы каналы арқылы тікелей эфирде өткенін айта кету керек.
Нұржан Манасұлы,
«Жаңа өмір»