Qoǵam

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Жамбыл облысы Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» КММ-сі 2019 жылғы 24 шілдеде сағат 10-00 www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында коммуналдық меншіктегі нысандарды сату жөнінде электрондық аукцион өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Коммуналдық меншіктегі нысандарды сату жұмыстары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысымен бекітілген «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасына» сәйкес жүргізіледі. Электрондық аукционға келесі объектілер қойылады.
Бағаны төмендету әдісімен сауда-саттыққа:
1. Автокөлік Chevrolet Captiva, мемлекеттік нөмері 750АК08, 2011 жылы шығарылған, бастапқы бағасы 2403619 теңге, төменгі бағасы 1201809 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері 360543 теңге, баланс ұстаушысы «Жуалы-Су» ШЖҚ МКК, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №14, тел. (8726 35) 2-02-54, 2-01-52 (техникалық жарамсыз);
2. Автокөлік ВАЗ 21214, мемлекеттік нөмері 094ВЕ08, 2013 жылы шығарылған, бастапқы бағасы 283350 теңге, төменгі бағасы 141675 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері 42503 теңге, баланс ұстаушысы «Жуалы-Су» ШЖҚ МКК, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №14, тел. (8726 35) 2-02-54, 2-01-52 (техникалық жарамсыз);
3. Автокөлік ВАЗ 21214, мемлекеттік нөмері 307АК08, 2009 жылы шығарылған, бастапқы бағасы 156480 теңге, төменгі бағасы 78240 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері 23472 теңге, баланс ұстаушысы «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №14, тел. (8726 35) 2-02-78 (техникалық жарамсыз).
4. Қызыларық ауылдық округіндегі «Мал сою алаңы», 2011 жылы соғылған, бастапқы бағасы 2 847 403 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері 427 111 теңге, баланс ұстаушысы «Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі» ШЖҚ МКК, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №12, тел. (8726 35) 2-02-79, 2-16-37;
5. Қошқарата ауылдық округіндегі «Мал сою алаңы», 2011 жылы соғылған, бастапқы бағасы 3 416 685 теңге, кепілдік жарнаның мөлшері 512 503 теңге, баланс ұстаушысы «Жуалы ауданы әкімдігінің ветеринария қызметі» ШЖҚ МКК, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Жамбыл көшесі №12, тел. (8726 35) 2-02-79, 2-16-37.
Электрондық аукционға қатысушыларды тіркеу хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталуға екі сағат қалғанда аяқталады.
Қатысушылар кепілдік жарнаны «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ-ның (IBAN/ИИК) «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТЫҚ БАНК» АҚ, KZ946017111000000330, БСН 050540004455, БСК HSBKKZKX, КНП 171, КБЕ 16; KZKOKZKX есеп-шотына төлейді (банктік қызмет есебі кепілдік жарна төлемінің ішіне кірмейді). Төлемнің белгіленуі: аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
Назар аударыңыз! Қатысушының осы Қағиданың 28 және 29-тармақтарында көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілді жарнаның сауда-саттық басталғанға дейін екі сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәліметтер болған жағдайда, тізілімнің веб-порталы өтінімді қабылдау және қатысушыны аукционға, тендерге және жабық тендерге жіберуді жүзеге асырады. Тізілімнің дерекқорында бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына кепілді жарнаның түскені туралы мәлімет болмаған жағдайда, тізілім веб-порталы қатысушының өтінімін кері қайтарады. Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Назар аударыңыз! Жылжымайтын мүлікті жекешелендіру кезінде Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жер учаскесіне құқық сатып алушыға өтеді. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын сатып алушы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке төлейді.
Сауда-саттықтың бағаны төмендету әдісі бойынша аукцион ережесі:
1) егер аукцион басталған кезден бастап екі минут ішінде қатысушылардың бірде-бірі аукционда жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің бастапқы бағасы осы қағиданың 46-тармағына сәйкес белгіленген қадамға азаяды;
2) егер баға азайғаннан кейін екі минут ішінде қатысушылардың бірде-біреуі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамайтын болса, жекешелендіру объектісінің соңғы жарияланған бағасы белгіленген қадаммен азаяды.
Жарияланған баға бойынша жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін бірінші болып растаған қатысушы бағаны төмендету аукционының жеңімпазы болып танылады және осы жекешелендіру объектісі бойынша аукцион өткізілген болып танылады;
3) егер жекешелендіру объектісінің бағасы белгіленген ең төменгі мөлшерге жетсе және
қатысушылардың бірде-бірі жекешелендіру объектісін сатып алу ниетін растамаса, онда аукцион өткізілмеген болып табылады.
Осы Қағиданың 44-тармағының екінші бөлігінде, 45-тармағында, 47-тармағының 1) тармақшасында және 48-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген жағдайларда сатушы тізілімнің веб-порталында қалыптастыратын аукционның өткізілмегені туралы актіге қол қояды.
Әрбір сатылған жекешелендіру объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Аукцион нәтижелері туралы хаттама электрондық аукцион нәтижелерін және жеңімпаз сатушының жекешелендіру объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттерін белгілейтін құжат болып табылады. Сатып алу-сату шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦҚ пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап күнтізбелік он күннен аспайтын мерзімде оған қол қояды. Бұл ретте сатушы сатып алушыға сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде қол қоюға сатып алу-сату шартының жобасын ұсынады.
Жеңімпаз сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына осы Қағиданың 49 және 50-тармақтарында көрсетілген мерзімдерде қол қоймаған жағдайда, сатушы тізілім веб-порталында қалыптастыратын аукцион нәтижелерінің күшін жою туралы актіге қол қояды және осы жекешелендіру объектісі күшін жойған сауда-саттық шарттарымен сауда-саттыққа қайтадан шығарылады.
Аукционның, тендердің және жабық тендердің жеңімпазы сатып алу-сату шартына қол қойған кезде сатушыға салыстырып тексеру үшін мынадай құжаттардың түп нұсқаларын немесе нотариалды куәландырылған көшірмелері ұсынылады:
1) жеке тұлғалар үшін: паспорттың немесе жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың;
2) заңды тұлғалар үшін: заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің не анықтаманың, заңды тұлға өкілінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттың, сондай-ақ заңды тұлғаның өкілі паспортының немесе оның жеке басын куәландыратын құжаттың;
Шетелдік заңды тұлғалар қазақ және/немесе орыс тілдерінде нотариат куәландырған аудармасы бар құрылтай құжаттарының нотариат растаған көшірмелерін ұсынады.
Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылып тексерілгеннен кейін бір жұмыс сағаты ішінде қайтарылады.
Аукционға қатысу үшін алдын ала тізілімнің веб-порталында мына құжаттарды ұсына отырып тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін: жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін: бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, е-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы бір жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталына енгізілген деректерді өзгертеді.
Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысушы ретінде тіркелу үшін осы Қағидаға қосымшаға сәйкес нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
Аукционға, тендерге және жабық тендерге қатысуға өтінім тіркелгеннен кейін тізілімнің веб-порталы үш минут ішінде өтінім берілген сату объектісі бойынша кепілді жарнаның түсуі туралы мәліметтердің тізілімнің дерекқорында болуы тұрғысынан автоматты түрде тексеру жүргізеді.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде аукцион залына ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып кіреді. Аукцион жекешелендіру объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Астана қаласының уақыты бойынша басталады.
Аукцион өткізу туралы қосымша ақпаратты www.gosreestr.kz сайтында, немесе сатушы «Жуалы ауданы әкімдігінің қаржы бөлімі» КММ-нен мына телефондар арқылы алуға болады: 8(726 35) 2-11-64, 2-17-19.
Қуаныш ҒАЛИҰЛЫ,
аудан әкімдігінің қаржы бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close