Basty bet
Санақ екі кезеңді қамтиды
Мемлекетіміздегі халық санағы негізінен өткен жылға жоспарланған еді. Бірақ мына індетке байланысты бір жылға кейін шегерілді. Маусымның 1-30 санақ аралығында халық санағының 1-кезеңі өткізілді. 1-этапта тұрғын үйлер саны анықталды. Жуалы ауданы бойынша 10 450 үй саны есептелді. Қазіргі таңда 2-этапқа дайындқ жұмыстары басталды. Электрондық дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. 1 қыркүйектен 15 қазан аралығында онлайын режімде жүргізіледі. 1-30 қазан аралығында 2-этап халықтың саны анқталады. Қыркүйек айының соңынан бастап 2-этапқа инструктор-контроллер мен интервьюерлер жұмысқа қабылданады деп жоспарлап отырмыз.
Ерлан Тыныбеков,
аудандық статистика басқармасының басшысы