Basty bet

Жер телімдері таяуда беріле бастайды

Мен көп жылдан бері Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратында 119-шы нөмірмен жер кезегінде тұрмын. Өткен жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 170 тұрғынға шақталған «Көктөбе» тұрғын алабына инженерлік инфрақұрылым жүргізіліп, жыл соңында пайдалануға берілгенде, қатты қуандым. Алайда, қуанышым ұзаққа бармады. Себебі, ол арадан кезекте тұрғандардың ешқайсысына жер телімі берілмеді. Менің білгім келетіні, осы тұрғын алаптан жер телімі неліктен берілмеді және нақты қай кезде беріледі?
Мұхит Қалиев,
Бауыржан Момышұлы ауылының тұрғыны

Өткен жылы «Көктөбе» тұрғын алабындағы жер телімдеріне инженерлік инфрақұрылым жүргізілгені рас. Айта кететін мәселе, бұл аталған жер Көкбастау ауылдық округі аумағында орналасқан. Сондықтан Бауыржан Момышұлы ауылы әкімі аппаратында жер кезегінде тұрған азаматтарға жер телімдері беру кезінде бірқатар проблемалар туындады.
Бұл мәселе тұрғын алапты Көкбастау ауылдық округінің қарамағынан алып, Бауыржан Момышұлы ауылына қосу арқылы шешілуі тиіс. Осы мақсатта мәселе аудандық мәслихат жақын арада өтетін сессиясының қарауына ұсынылды. Сессияда қаралғаннан кейін аудан әкімінің шешімі мен аудандық мәслихаттың қаулысы негізінде шешілетін болады.

Талғат ҚЫРҒЫЗБАЕВ,
аудан әкімдігі жер қатынастары бөлімінің басшысы

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close