Basty bet

ВАКЦИНА АЛ, ВАКЦИНА!

“САҚТЫҚ ШАРА зиян ба әлде, жақсы ма!?.
Одан басқа жолды әлем тапты ма?!.”
Тағдырыңды бір Аллаға тапсыр да,
Тәуекел ет, вакцина ал, вакцина!

Жақтыр менің сөзімді, мейлі жақтырма,
Бұдан басқа жолды, Ағайын, таптың ба?!.
Таба алмасаң босқа жала жаптырма,
Үрейге салма жұртты алған вакцина!

Жалмауыз дерт жырға айналды жыл сайын..,
…Бар күшімді жақсы сөзге жұмсайын.
Бәріңді де тойға шақырам, бұйыртса,
Күнім шығып, оң жағымнан туса Айым!

Ал әзірге тыя тұралық тойды да,
Бір орынға орнықпай тұр ой мына.
Вакцинамен берейік бір тойтарыс
Жалмаңдаған дерт пен уайым-қайғыға!..

Салып қояр сергелдеңге сонша ауыр,
Бір болжамға сәуегей көп болса бұл.
…Жүректегі тек Тәңірді тыңдайық,
Тұтқиылдан шығаратын жол – сабыр!..

Үміт БИТЕНОВА,
ақын

Таңдаулы материалдар

Close