Basty betQoǵam

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі жалғасын табуда

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің және Жуалы ауданы әкімдігінің бастамасымен 2021 жылы 19 қазанда Жуалы ауданы Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының мәжіліс залында Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің онлайн жәрмеңкесі өткізілді.

Аталған іс-шараның басты мақсаты аудан тұрғындарына Мемлекеттік қызметтерді ашық, қолжетімді, сапалы қызмет көрсету және әр сала бойынша тиісінше мәліметтер беру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Жәрмеңкеге аудан бойынша жалпы саны 100-ден астам азаматтар қатысты. Қызмет алушыларға аудандық мемлекеттік қызмет көрсетуші  5 мекеме түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда, білім, спорт, экономика және бюджеттік жоспарлау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімдері, және жұмыспен қамту орталағының мамандары қатысты.

Жәрмеңке барысында Facebook желісі арқылы 12 сұрақ қойылып, қызмет алушыларға толық және жан-жақты ақпарат берілді. Аталған іс-шара аудан тұрғындарының туындап жүрген сұрақтарына жауаптар алуына, мемлекеттік билікке деген сенімдерін арттыруға мүмкіндік берді.

Алдағы уақытта бұл іс-шара әрмен қарай да жалғасын табатын болады.

Жуалы ауданы әкімінің аппараты

Таңдаулы материалдар

Close