Qoǵam

Бірлігі бекем елдің берекесі артады

Сайын даланы мекендеген сан алуан ұлт пен ұлыстың өкілі тату-тәтті ғұмыр кешіп келеді. Халқымыз Тәуелсіздікті тойлап, оны мәңгілік етуді ойлап жүрген жоралы жұрт екенін әлем мойындады. Ендеше, Елбасы айтқандай, баршамыз Тәуелсіздігіміз бен бірлігімізді сәт сайын қорғауымыз қажет.
Бейбіт заманды басты байлығы санаған сүйікті Отанымыз әлемге бітімгер, арағайын, ымырашыл іргелі ел ретінде танылды. Еліміздің дін саласындағы саясатының мақсаты барлық бейбітсүйгіш діндерді бір мүддеге жұмылдырылып, береке мен бірліктің ұйытқысына айналдыру.
Дін қайраткерлерінің басын қосып, барша халықтың діни татулық пен тұрақтылыққа үндеген еңселі Елордамыз – Астана рухани келісімнің ордасы екенін еліміздің әрбір азаматы мақтанышпен айтады. Бір шаңырақ астында, бір атаның баласындай, тату өмір сүріп келе жатқан түрлі ұлт өкілдері Қазақстанның қарыштап дамуына үлкен үлес қосуда. Ата Заңымызда айқындалғандай елімізде, азаматтардың діни сеніміне еркіндік берілген. Бұл – бейбіт жолды басты бағдар еткен еліміздің тұрақтылдығы мен тұтастығының үздік үлгісі. Халқымыздың кең пейілі, қонақжай, бауырмал, дарқан мінезі кең байтақ даламызда бейбітшіліктің салтанат құруына негіз болды. Ұйымшылдыққа ұмтылған ұлтымыз бақыттың бастауы – бірлік деп білген. Қаблиса жыраудың толғауынан алар тағылым мол:
-Бақыт қайда барасың?
-Көршімен болған бірлігі,
Тағат, ғибадат тірлігі,
Ұйымшыл елге барамын.
Достық пен ынтымақтың орталығы саналған Қазақстан ұлтаралық қарым-қатынас бағытында көш бастап келеді.
Біз санаулы жылдарды осындай жетістіктерге қол жеткіздік. Әрине, мұның бәрі байыпты саясаттың қадамы арқылы, татулықтың арқасында жүзеге асты.
Халқымызда: «Байлық – байлық емес, бірлік – байлық», – деген нақыл сөз бар. елімізді мекендеген дәстүрлі діндер халықты ауызбіршілікке шақыруда. Елдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтауда дін өкілдеріне де үлкен жауапкершілік жүйтейді. Өйткені, діннің мақсаты – ізгілік. Дәстүрлі діндер мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Еліміздегі барлық діни бірлестіктер бейбітшілік пен білікті нығайту жолында қызмет етіп келеді. Ұйымшылдыққа ұйытқан ізгі істер алдағы уақытта да нәтижелі болатынына сенеміз.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде: «… Қазақстанда дін қоғамнан бөлінбеген, сондықтан да мемлекет бұл саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуден шет қала алмайды. Сондай-ақ, діни сенім адамгершілік негіздеріне құрылғанын және аса ірі гуманистік әлеуетке ие екендігін ұмытпауымыз керек. біз оны қоғамның рухани құндылықтарын дамытуға, қазақстандық патриотизмді, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға және діни экстремизмнің алдын алуға пайдалануымыз қажет», – деген болатын. Өйткені, дін – ол адамның ең құнды сенімі, қоғамдық ұйысымдардың ұйытқысы мемлекеттің тірегі болып есептелінеді.
Бірлігі бекем, тұрақтылығы тұғырлы тәуелсіз еліміз дінаралық қатынас саласында өзге елдерге үлгі боларлық сарабдал саясат жүргізіп келеді. Оған республикамыздағы дін және дінаралық саласындағы ахуал соңғы онжылдықта айтарлықтай өзгерістерге ие болғандығы дәлел. Қоғамдағы діннің орны нақтыланып, мәртебесі көтеріліп, қызмет аясы кеңіп, соның нәтижесінде бұл тұрғыдағы атқарылуы тиіс жұмыстар бір арнаға түсті. Бүгінгі бейбіт күніміз соның айғағы десек қате айтпағанымыз болар.
Дін сәулесінің жарығы мен нұрын шашқан еліміздің болашағы жарқын. Ел ішінде зиялы қауым өкілдерінің де дінге деген оң көзқарастарының да ықпалы күшті болатыны белгілі.
Дін қай кезеңде болмасын халықты бірлікке, ынтымаққа, бейбітшілік пен тыныштыққа бағыттап келген. Әрбір халық үшін тәуелсізх мемлекет болудан артық бақыт жоқ десек, ал, әрбір егеменді ел үшін бейбіт өмірден бағалы құндылық болмайтындығы ақиқат. Діни тұрақтылық – қоғамдағы ынтымақтастықтың негізгі элементтерінің бірі. Тек осы жолда ғана біз ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтай аламыз.
Қандай қи ын кезеңдерде де қарға тамырлы қазақ бөлінген емес, бір-біріне арқа сүйегендіктен аман қалып, дінін, тілін сақтап қалды. Сондықтан қазақ қай тұста болмасын «бірлік болмай – тірлік болмас», «бірлік түбі – береке», «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деп түйіндеп отырады. Данышпан Абай: «біріңді қазақ бірің дос, көрмесең істің бәрі бос», – деп адамды, ұлттың қадірін, елінің қасиетін тануға үндеді. Себебі бірлігі кеткен елден береке қашатынын түсінді. Рухани бірлігі мен дініне берік елді ешқандай қитұрқы уағыздаор да, сыртқы мүдделер де ала алмайтынын тарихтан білеміз. Еліміздің бірлігі жолында дәстүрлі діндердің ықпалы ерекше болды.
Бүгінгі күні дін қызметкерлерінің мақсаты – біріншіден, менталитетімізге сәйкес келмейтін бөтен бағыттағы теріс ағымдардың алдына тосқауыл қою, екіншіден, адасушылықта жүрген бауырларымызды өзекке теппей мейірімділікпен қатарымызға тарту. Қабырғалы елге қатарымыз қалың болса ғана айнала алатынымыз белгілі. Солай болғандықтан біз дәстүрлі дініміз туралы жастарға қажетті білім берумен қоса, олардың осы ағымдарға деген көзқарасын қалыптастыру бағытында тұрақты түрде жүйлі жұмыс жүргізе отырып, халықты бөленушілікке, бүлік тудыруға себеп болатын бірқатар мәселелерден арашалай білгеніміз.
Жетекші сарапшылардың пікіріне сүйенсек, қазақстандық қоғамдағы қалыптасқан толеранттылықтың негізінде бірнеше фактор жатыр. Соның бір факторы – қазақтың ұрпағын кек сақтай алмайтын етіп тәрбиелей алу қасиеті. Еліміз басынан қиын-қыстау заман кешіп, қуғын-сүргінге ұшырап, тағдырдың қатал сынынан өтті. Беріден қайырғанның өзінде, XVII- XVIIІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы мен Кеңес өкіметі заманындағы зобалаң аштықты басынан кешіріп, саяси қуғын-сүргіннің де құрбаны болған халық. Алайда, қаншама таңдары қиындықпен атса да, жаны қиналса да, басқадан кек алу мақсатында қылышын қайрамаған, тағдырдың ауыртпалығына қайсарлық танытқан халық. Өткенге бой ұсынбай, келешекті аңсап ел бірлігі мен молшылығын бата тілегіне қосып ұрпағына аманат ретінде қалдырып отырған халық.

Абылайхан СӘРСЕН,
«Жаңа өмір»

Таңдаулы материалдар

Check Also

Close
Close