Qoǵam
Коронавирусқа қарсы салынатын вакцина бойынша гид
1.COVID-19-ға ҚАРСЫ САЛЫНАТЫН ВАК ЦИНА ҚАУІПТІ МЕ?
Вакцина инфекциялық агенттерді – ауру тудыруы мүмкін вирустарды, бактерияларды немесе басқа да микроорганизмдерді имитациялайды. Осылайша, адамның иммундық жүйесі тез жəне тиімді жауап беруге «үйренеді». COVID-19-ға қарсы вакциналау кезінде ауру тудырмайтын, бірақ, сонымен қатар, иммундық жауапты қауіпсіз генерациялайтын, инактивацияланған немесе əлсіздендірілген вирусты пайдалана отырып фрагменттер қолданылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаппай қолдануға рұқсат берген вакциналар ауруларға қарсы күресте олардың қауіпсіздігін жəне тиімділігін дəлелдеу мақсатында міндетті түрде тестілеуден жəне клиникалық сынақтардан өтеді, сондай-ақ ұлттық реттеуіш стандарттарына сəйкес келетіндігі тексеріледі.
2. БІРІНШІ КЕЗЕКТЕ ВАКЦИНАНЫ КІМ АЛУЫ ТИІС?
Коронавирусқа қарсы вакцинаны, ең алдымен, медицина қызметкерлері жəне халықпен жиі араласатын қауіп тобындағы адамдар алуы керек. Бұл денсаулық сақ тау жəне экономика саласындағы жағдайды барынша тез тұрақтандыруға, сондай-ақ жаһандық пандемиядан қалпына келтіру процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді. жұқпалы аурулар ауруханасының, жедел медициналық көмектің, реанимацияның, қабылдау бөлімінің, сан эпидқызметтің қызметкерлері. мектеп, ЖОО, мектеп-интернат, мектепте дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер жəне созылмалы аурулары бар адамдар. ТЖМ, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, ҰҚК қызметкерлері.
3 . В А К Ц И Н А Л А У Д Ы Ң А Л Д Ы Н Д А АНТИДЕНЕЛЕРГЕ ТЕСТ ТАПСЫРУ КЕРЕК ПЕ?
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымдарына сəйкес КВИ-ге қарсы вакциналау алдында антиденелерді анықтау үшін ИФА зерттеуін жүргізу қажет емес. Аталған инфекциямен ауырған адамдарды КВИ-ге қарсы вакциналау аурудан жазылғаннан кейін 6 ай өткен соң, антиденелерге скринингсіз денсаулық жағдайын ескере отырып жүргізу ұсынылады. Қазіргі кезде дүние жүзінде қандағы антиденелердің «қорғаныш» деңгейін көрсететін бірде-бір нормативтік құжат жоқ. Яғни клиникалық жағынан айқындалатын ауыру қаупі жоқ. Осыған байланысты, вакциналау алдында антиденелердің деңгейін анықтау арқылы ақпарат алуға болмайды.
«Егемен Қазақстан» газеті,
№63 (30042), 6 сәуір 2021 жыл