Qoǵam

Күрес жүйелі түрде жалғасады

Бүгінгі таңда еліміз үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны белгілі. Мемлекеттік саясаттағы басты ұстанымды алға тартқан ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жемқорлықтың жолын кесу жолындығы жұмыстардың белсенді жалғасатынын қадап айтты. Жемқорлық – қоғамға қауіпті дерт. «Бұл батпандап кіріп, мысқалдап шығатын кесел. Осы ауруды қазір шұғыл түрде емдемесек, ертең кеш болуы мүмкін»,- деп атап көрсетті Президент. Сондықтан оны түбегейлі жою қажет.
Осы ретте мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жетілдіруді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің нәтижелі тәжірибесін енгізу маңызды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатын қолдау әрі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясы өз құзыреті шегінде жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күресті тұрақты бақылап, нақты жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта заң талаптарын қатаң сақтап, құқықбұзушылықтарға жол бермеу үшін инспекция қызметкерлеріне нақты тапсырмалар беріліп отырады.
Мекемеде 2019 жылы төрт басқосу өткізілсе, биылдың өзінде сала мамандары үш жиынға шақырылып, аталған тақырыпты кеңінен талқылады. Инспекция орналасқан ғимараттық дәлізінде ақпарат алушыларға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тақырыбында стенділер орналастырылған. Стендіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жоспары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормативтік-құқықтық актілер, жемқорлыққа қарсы қабылданған шаралар, ҚР АШМ жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың фактілері туралы ақпараттарды қамтиды. Ал, мемлекеттік қызметтерді көрсету стендісінде «Тиісті аумақтағы эпизоотиялық жағдайды бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсат беру», «экспорттау кезінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерне серитификат беру, ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру, өндіріс объектілеріне есептік нөмір беру туралы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары ілінген.
Қызмет алушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету толықтай белгіленген стандарттар мен регламенттерге сәйкес жүзеге асырылуда. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға мемлекеттік қызметшілер мен жеке және заңды тұлғалардың арасында тікелей қарым-қатынасты азайтуға қол жеткізілді. Мекемеде 5-07-41 нөмірлі сенім телефоны тұрақты түрде жұмыс жасайды.
Қалың жұртшылықтың мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық ақпараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы және «Электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz. веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтарды жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындау мүмкіндігін анықтау мақсатында жыл басынан бері бір рет ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижелері сыбайластық сипатындағы тәуекелдердің анықталмағанын көрсетіп отыр. Алдағы уақытта да жемқорлыққа қарсы күрес жүйелі түрде жалғасатын болады.

Есенбай ОШАНОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жуалы аудандық аумақтық инспекциясының басшысы.
Қайрат ШАРИПОВ,
ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы.
Әдеп жөніндегі уәкіл

Таңдаулы материалдар

Close